Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі ТМД аясында радиациялық жағдайды бірлесіп мониторинг жүргізу туралы келісімді ратификациялауды...

Қазақстан Мәжілісі ТМД аясында радиациялық жағдайды бірлесіп мониторинг жүргізу туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады

|

|

Астана. 11 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингі деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Келісім 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған.

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің қорытындысында айтылғандай, құжат аясында тараптар радиациялық жағдай туралы деректермен алмасу бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар радиациялық жағдайдың жай-күйі мен оның өзгерістері туралы өзекті ақпарат ұсынылып, радиоактивті заттардың трансшекаралық таралу қаупі немесе фактісі туындаған жағдайда, оның ішінде үшінші елдердің аумақтарымен байланысты жағдайлар бойынша да деректер алмасу қарастырылған.

Бұдан бөлек, құзыретті органдар деректер алмасудың бірыңғай тәртібін әзірлейді. Онда берілетін ақпараттың тізбесі, деректер форматы, оларды архивтеудің мерзімдері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы радиациялық жағдай параметрлері туралы ақпаратты беру регламенті, сондай-ақ уәкілетті органдардың байланыс деректері қамтылуы тиіс.

Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.