Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен тартылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің кабелін...

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен тартылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің кабелін төсеуді аяқтады

|

|

Астана. 6 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Каспий теңізінің түбімен тартылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу жұмыстары толық аяқталды. Суасты кабелі Қазақстан жағалауына жеткізілді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Каспий теңізінің түбімен кабель төсеу – Транскаспий ТОБЖ жобасының ең маңызды әрі техникалық тұрғыдан ең күрделі кезеңі. Жұмыстар 2026 жылғы шілдеде басталған болатын.

Бұған дейін суасты кабелі Құрық портына жеткізіліп, кейін баржамен Әзербайжанның Алят портына жөнелтілгені хабарланған еді. Кабель төсеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп, оған су сыйымдылығы 20 мың тоннадан асатын мамандандырылған кеме пайдаланылды. Жобаға 70 маман тартылды.

Қазіргі уақытта кабельді жағалаудағы инфрақұрылымға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күзде құрлықтағы инфрақұрылымның құрылысын аяқтау, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу және жүйені сынақтан өткізу жоспарланған.

Магистральді салу және оны кейіннен пайдалану «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниясының бірлескен кәсіпорны – CaspiLink B.V. компаниясына жүктелген. Жоба бюджет қаражатын тартпай, операторлардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі «Цифрлық Жібек жолы» мегажобасының құрамдас бөлігі саналады. Жоба Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы өтетін цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды көздейді.

Ақтау – Сумғайыт бағыты Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей тасымалдайтын жаңа дәлізге айналады.

Ұзындығы 380 шақырым болатын Сумғайыт (Әзербайжан) – Ақтау (Қазақстан) суасты желісінің жоспарланған өткізу қабілеті секундына 400 Тбитке дейін жетеді. Бұл үлкен көлемдегі деректерді жоғары жылдамдықпен тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін ТОБЖ-ны 2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Таиланд туристік алымды 2027 жылдың ортасынан ерте енгізбейді

Таиланд шетел азаматтарынан 450 бат (шамамен $13,5) көлемінде туристік алым жинауды 2027 жылдың ортасынан ерте бастамайды. Бұл ретте төлемнің ең ықтимал тетігі — бұл соманы әуе билеттерінің құнына енгізу болып табылады, деп хабарлайды Matichon басылымы.

Сауд Арабиясы ОПЕК-ке қазан айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 2,2 млн баррельге — 10,56 млн баррельге дейін арттырғаны туралы хабарлады

Сауд Арабиясы ОПЕК-ке қазан айында мұнай өндіру көлемін қыркүйектегі тәулігіне 8,372 млн баррельмен және тамыздағы 6,238 млн баррельмен салыстырғанда тәулігіне 10,563 млн баррельге жеткізгенін хабарлады, делінген ОПЕК есебінде.

Украина және Корей түбегіндегі жағдай РФ, ҚХР және АҚШ көшбасшылары кездесуінің күн тәртібіне ену ықтималдығы азайып барады — БАҚ

Шэньчжэньде өткізілетін АТЭШ саммитінің «кулуарларында» РФ, ҚХР және АҚШ көшбасшыларының ықтимал үшжақты келіссөздерінің күн тәртібіне украин дағдарысы мен Корей түбегін денуклеаризациялау мәселелерінің ену ықтималдығы төмендеп барады, деп хабарлайды сәрсенбі күні South China Morning Post (SCMP) басылымы дереккөздерге сілтеме жасап.

Иран айына 50-ге дейін баллистикалық зымыран өндіре алады — БАҚ

Батыстың барлау қызметтері АҚШ пен Израиль соққыларынан кейін Иран ай сайын шамамен 50 баллистикалық зымыран құрастыру мүмкіндігін сақтап қалды деп есептейді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.