Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Қырғызстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда

Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда

|

|

Астана. 12 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Жогорку Кеңешінің төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесіп, парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Екі елде жүзеге асырылып жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі нақты пікір алмасу өтті. Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға бейілді екенін растады», – делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Кездесу барысында Тоқаев Маматалиевтің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті.

«Сіздің сапарыңыздың маңызы зор. Ол екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін. Біздің мемлекеттер арасында ешқандай қайшылықтар мен келіспеушіліктер жоқ. (…) Біз бауырлас халықтар ретінде тату көршілік қатынастарымызды одан әрі нығайта береміз», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қырғызстан экономикасының жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, елді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен тағы да құттықтады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Армениямен мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения басшылығын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.

Инфляцияны нысаналы деңгейге түсіру экономикаға ауыр тиеді

Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ұсыныс тарапынан жиілеп, ұзаққа созылып отырған күйзелістердің инфляцияны үдететін әсерін елеусіз қалдыра алмайды. Оған қарсы қабылданатын шаралар экономикаға ауыр тиюі мүмкін, деп мәлімдеді Чикаго Федералдық резерв банкінің (ФРБ) президенті Остан Гулсби.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты тұрақты

Дүйсенбідегі сауда барысында АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал иенаға шаққанда нығайып келеді.

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.