Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Тәжікстан президенттері сауда-экономикалық ынтымақтастық және су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды талқылады

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері сауда-экономикалық ынтымақтастық және су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды талқылады

|

|

Астана. 21 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық пен су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар жоғары деңгейде бұрын қол жеткізілген барлық келісімдерді толық әрі тиімді іске асырудың маңызын атап өтті», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Эмомали Рахмон Астанаға Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.