Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті психологтардың қызметін реттейтін заң қабылдады

Қазақстан Парламенті психологтардың қызметін реттейтін заң қабылдады

|

|

Астана. 25 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдады.

Бұған дейін хабарланғандай, құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген және елімізде психологиялық көмек көрсету саласының құқықтық негіздерін алғаш рет айқындайды.

Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімованың айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстандағы психологиялық қызмет көрсету нарығы заңнамалық тұрғыдан реттелмеген. Соның салдарынан кез келген адам өзін психолог ретінде таныстыра алатын жағдай қалыптасқан.

Заңда алғаш рет психолог ұғымына нақты анықтама беріліп, психологиялық қызметпен кімдердің айналыса алатыны белгіленген. Сондай-ақ мамандардың біліктілігі мен біліміне қойылатын талаптар нақтыланған.

Құжаттың негізгі жаңалықтарының бірі – психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін құру. Енді кәсіби қызметпен айналысу үшін осы тізілімге енгізілу міндетті талап болады.

Сонымен қатар заңда кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипуляциялық әдістерді қолдануға тыйым салу қағидаттары бекітілген.

Құжатта психологтардың және психологиялық көмек алушылардың құқықтары мен міндеттері де айқындалған.

Заңға сәйкес, психолог жұмыс барысында алған ақпараттың құпиялылығын сақтауға және қызметін тек көмек алушының мүддесін басшылыққа ала отырып жүзеге асыруға міндетті.

Депутаттың айтуынша, заң психологиялық және медициналық қызметтің ара-жігін нақты ажыратады. Осыған байланысты психологтарға дәрі-дәрмекпен ем жүргізуге тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибеге сай келеді және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ психологиялық көмек көрсету барысында адамның санасына әсер ететін психоактивті заттар мен психоактивті әдістерді қолдануға да тыйым енгізіледі.

Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.