Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті Қырғызстанмен елшіліктерге арналған жер телімдері мен ғимараттарды өзара өтеусіз беру...

Қазақстан парламенті Қырғызстанмен елшіліктерге арналған жер телімдері мен ғимараттарды өзара өтеусіз беру туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 29 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан парламенті сенатының депутаттары дүйсенбі күні өткен жалпы отырыста Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Астана және Бішкек қалаларында екі елдің елшіліктері мен елшілердің резиденцияларына арналған ғимараттар мен жер телімдерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады.

Бұған дейін заңды мәжіліс қабылдаған болатын. Осылайша құжат парламентте түпкілікті қабылданып, енді мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Келісімге 2025 жылғы 22 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған.

Құжатқа сәйкес, Астана мен Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер телімдері 49 жыл мерзімге, кейін ұзарту құқығымен өтеусіз пайдалануға беріледі.

Қазақстанның Бішкектегі елшілігіне көлемі 0,75 гектар жер телімі, ал Қазақстан елшісінің резиденциясы үшін жалпы аумағы 531,66 шаршы метр коттедж және оған іргелес 0,17 гектар жер бөлінеді.

Өз кезегінде Қырғызстанның Астанадағы елшілігіне көлемі 0,74 гектар жер телімі, ал Қырғызстан елшісінің резиденциясы үшін жалпы аумағы 1267,8 шаршы метр коттедж және оған іргелес 0,125 гектар жер беріледі.

Сонымен қатар аталған жылжымайтын мүлік екі мемлекетте де барлық салықтар мен алымдардан босатылады. Ғимараттарды салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды тараптар қабылдаушы мемлекетте қолданылатын тарифтерге сәйкес өздері өтейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.