Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті Салық кодексіне редакциялық және техникалық түзетулерді қабылдады

Қазақстан парламенті Салық кодексіне редакциялық және техникалық түзетулерді қабылдады

|

|

Астана. 4 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң бұған дейін Мәжілісте қабылданған болатын. Осылайша, құжат Парламент тарапынан тұтастай қабылданды деп есептеледі және Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, заң жаңа Конституцияның нормаларын іске асыруға бағытталған.

Құжатта бір палаталы парламент – Құрылтай құруға, Қазақстан Халық кеңесін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың Конституциялық сотқа жүгінуі кезінде мемлекеттік бажды алып тастауға байланысты өзгерістер қарастырылған.

Түзетулер Салық кодексінің мәнін өзгертпейді. Құжатта техникалық сипаттағы нақтылаулар енгізіліп, жекелеген нормалардың редакциясы біріздендірілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қауіпсіздігі сын көтермейтін демалыс орындары

Көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының бірі – Алакөлде екі күннің ішінде адам шошырлық екі оқиға болды. 16 шілдеде шағын жүзу құралы 69 жастағы әйелді қағып кетіп, салдарынан ол екі аяғынан айырылды. Ал 17 шілдеде көлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапса, тағы бір адам ауыр жарақат алды.

Ескі көліктерге қандай шектеу қойылмақ?

Алматыға ескі автокөліктердің кіруін шектеу туралы бастама жаңалық емес. Бұл мәселе кемінде соңғы он бес жыл бойы арагідік көтеріліп келеді. Алайда әр жолы азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығы мен кемсітуге жол бермеу қағидаттарына байланысты құқықтық мәселелер алдан шығып отыр.

«Ең жауапсыз жұмыс беруші» атағы кімге бұйырды?

Білім беру саласында нақты жалақы 6,7 пайызға, ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 4,2 пайызға төмендесе, ең алдымен жауапкершілік мемлекетке жүктеледі.

Қазақстан экономикасын қандай қауіп күтіп тұр?

Жуырда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) World Economic Outlook Update: Global Economy in Crosscurrents of War and Technology атты шілде айының жаңартылған баяндамасын жариялады. Қор сарапшыларының бағалауынша, әлемдік экономика бүгінде әртүрлі сипаттағы сыртқы күйзелістердің ықпалында қалып отыр. Бір жағынан, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістер жаһандық экономикаға қысым түсіруде. Екінші жағынан, жасанды интеллект технологиялары мен микроэлектроникаға арналған жабдықтарға сұраныстың күрт артуы экономикалық белсенділікті ынталандырып отыр. Бір қызығы, ХВҚ сарапшылары Орталық Азия мен Қазақстан экономикасына қатысты Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) бағалауларындай оптимистік көзқарас танытпаған. Бұған дейін біз ЕАДБ-ның 2026–2028 жылдарға арналған болжамдарын жан-жақты талдап, жаһандық күйзелістерге қарамастан Қазақстан экономикасының өсімі сақталатыны жөніндегі тұжырымдарына тоқталған едік.