Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

Қазақстан парламенті ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

|

|

Астана. 4 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң бұған дейін Мәжілісте қабылданған болатын. Осылайша, құжат Парламент тарапынан тұтастай қабылданды деп есептеледі және Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында айтылғандай, заңмен Азаматтық, Қылмыстық-атқару, Еңбек, Әлеуметтік және Бюджет кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі айқындалып, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, академиялық еркіндік пен шығармашылық еркіндікке кепілдік беру көзделген.

Сондай-ақ баспа ұйымы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде жергілікті атқарушы органдар сатып алған тираждан полиграфиялық ақау немесе пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан баспа тарапынан ауытқу салдарынан жіберілген қателер анықталған жағдайда, оны өз қаражаты есебінен ауыстыруға міндеттеледі.

Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми әрі ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды орындауға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті кеңейтіледі. Бұл қағидалар мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы қабылданады.

Заңда ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормалар, ғылымды қажетсінетін аумақтардың негізгі ережелері мен олардың дамуын ынталандыру шаралары енгізілген. Сонымен қатар ғылым қалашығының мәртебесі, негізгі міндеттері, мәртебе беру тәртібі, қатысушылары, басқару органдары және ғылым қалашығына қатысушы ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері айқындалады. Бұдан бөлек, ғылыми-технологиялық парк туралы жеке бап енгізіледі.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық көмектің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ететін, диагностика дәлдігін арттыратын және денсаулық сақтау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсететін референс-орталықтар құру қарастырылған.

Сондай-ақ дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі композиттік мемлекеттік қызмет форматына көшіріліп, оңтайландырылады. Бұл халыққа қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішкі нарыққа шығу мерзімін жеделдетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дәрілік заттарды тіркеу мерзімі едәуір қысқартылып, 100 күнге дейін төмендетіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия мен Ұлыбритания 2034 жылға қарай ұшу қашықтығы 2 мың шақырым болатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр

Германия мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында 2034 жылға дейін нысаналарды 2 мың шақырым қашықтықтан жоя алатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Welt басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы операцияға байланысты қаржы тапшылығына тап болуы мүмкін

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы әскери операцияға байланысты қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге арналған қаражат тапшылығына жақын қалды. Бұл туралы The Washington Post газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Қытай Жапонияның әскери кемелерге қатысты алаңдаушылығын негізсіз деп атады

Қытай Сыртқы істер министрлігі Жапонияның ел маңындағы теңіз акваториясында Қытай әскери кемелерінің әрекетіне қатысты алаңдауына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Global Times хабарлады.

ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның тізімін тіркеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сейсенбі күні Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттар тізімін тіркеді.