Евразия24ЖаңалықтарЕуропа қор нарығында индекстер төмендеді

Еуропа қор нарығында индекстер төмендеді

|

|

МӘСКЕУ. 7 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Дүйсенбі күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер әр бағытта өзгергенімен, басым бөлігі төмендеді.

Мәскеу уақытымен 12:14-те өңірдегі ірі компанияларды біріктіретін Stoxx Europe 600 индексі 0,1%-ға төмендеп, 649,22 тармақты құрады.

Ұлыбританияның FTSE 100 индексі 0,05%-ға, Германияның DAX индексі 0,27%-ға, Испанияның IBEX 35 индексі 0,17%-ға төмендеді. Ал Францияның CAC 40 және Италияның FTSE MIB индекстері 0,09%-дан өсті.

Германияда шілде айында өнеркәсіп өндірісі маусыммен салыстырғанда 1,1%-ға қысқарды. Бұл — былтырғы тамыздан бергі ең жоғары құлдырау. Trading Economics дерегіне сәйкес, сарапшылар өндіріс көлемі 0,3%-ға өседі деп болжаған.

Еуропалық одақтың статистика қызметі еуроаймақ экономикасының екінші тоқсандағы өсімін бұған дейінгі 0,4%-дан 0,6%-ға дейін көтеріп бағалады. Сарапшылар көрсеткіш қайта қаралады деп күтпеген. Жылдық есепте жалпы ішкі өнімнің өсімі бұрын жарияланған 1%-дың орнына 1,2% болды.

Осы аптада инвесторлар назары бейсенбіде өтетін Еуропа орталық банкінің қыркүйектегі отырысына аумақ. Сарапшылар мен нарық қатысушылары реттеуші негізгі үш пайыздық мөлшерлемені де 25 базистік тармаққа көтереді деп күтеді. Бұл жағдайда депозиттер бойынша негізгі мөлшерлеме 2,5%-ға жетеді.

Мұнай бағасы да көтеріліп келеді. Бұған демалыс күндері Таяу Шығыста болған әскери оқиғалар әсер етті. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) АҚШ-тың әуе тасымалдағыш кемесі мен зымырандық эсминецін атқылауға әрекеттенгеннен кейін америкалық әскерилер ИРСК-мен байланысы бар үш танкерге шабуыл жасаған.

Иранның IRIB телерадиокомпаниясының хабарлауынша, АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) күштерінің әрекетіне жауап ретінде Иран әскері АҚШ-пен байланысы бар алты сауда кемесіне бірнеше рет соққы жасаған. Олардың арасында Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы үш танкер бар.

Осы оқиғалар аясында Еуропаның энергетикалық компанияларының акциялары қымбаттады. BP Plc бағалы қағаздары 1,2%-ға, Shell — 1%-ға, TotalEnergies — 1,4%-ға өсті.

Stoxx Europe 600 құрамында норвегиялық Tomra Systems акциялары ең көп арзандады. Қайталама шикізатты өңдеуге арналған жабдық шығаратын компанияның бағалы қағаздары 6,5%-ға төмендеді.

Novartis акциялары да 3,2%-ға арзандады. Швейцариялық фармацевтикалық компания жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың липопротеин деңгейін төмендетуге арналған тәжірибелік препараттың клиникалық сынағы күткен нәтижені бермегенін хабарлады.

Ал Stoxx 600 индексінде италиялық Lottomatica казино операторының акциялары ең жоғары өсім көрсетті — 6,6%. Компания испаниялық бәсекелесі CIRSA Enterprises-ті сатып алу жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейінгі үшінші жылы EBITDA көрсеткіші 200–300 млн еуроға артады деп болжап отыр. Құны 2,8 млрд еуро болатын мәміле өткен аптада жарияланған.

Финляндияның телекоммуникациялық жабдық өндірушісі Nokia Corp. акциялары 4%-ға қымбаттады.

Франкфурт биржасында Infineon акциялары 3%-дан астам өсіп, үздік нәтиже көрсетті. Ал Qiagen, SAP SE, Vonovia SE, Fresenius SE & Co. және Hannover Rueck бағалы қағаздары 2%-дан астам арзандады.

Париж биржасында STMicro акциялары 2,8%-ға өсіп, көш бастаса, Capgemini бағалы қағаздары 2,3%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.