Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті шетелдік онлайн-платформалардан сатып алынған тауарларды декларациялауды көздейтін хаттаманы ратификациялады

Қазақстан Парламенті шетелдік онлайн-платформалардан сатып алынған тауарларды декларациялауды көздейтін хаттаманы ратификациялады

|

|

 

Астана. 25 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған заң бұған дейін Мәжіліс тарапынан қабылданған болатын. Осылайша, құжат парламент тарапынан толық мақұлданып, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Хаттама 2023 жылы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылды. Ол үшінші елдердегі шетелдік интернет-платформалар арқылы жеке тұлғаларға халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жеткізілетін тауарларды электрондық сауда тауарларының жеке санатына бөліп қарауды көздейді. Қазіргі уақытта мұндай тауарлар жеке пайдалану үшін әкелінетін өнімдер санатына жатады.

Сонымен қатар, «электрондық сауда операторы» ұғымы енгізіледі. Ол интернет-платформалар арқылы жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды жеткізу логистикасын қамтамасыз етумен қатар, интернет-платформалар мен кеден оргаларымен өзара іс-қимыл жасап, электрондық сауда тауарларын декларациялау және сақтау процесін ұйымдастыруға жауапты болады.

Сондай-ақ жаңа кедендік құжат түрі – электрондық сауда декларациясы енгізіледі.

Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі кезде шетелдік интернет-платформалар арқылы сатып алынатын тауарлар жеке пайдалануға арналған болып саналады және тек бажсыз әкелу нормалары (200 еуро немесе 31 кг) асқан жағдайда ғана декларацияланады. Бұл тауарлар сауда айналымына жатпайтындықтан, ресми статистикаға енбейді.

«Электрондық сауда тауарларының толық көлемін декларациялау арқылы шетелдік интернет-платформалар арқылы сатып алынатын тауарлар бойынша нақты статистикалық деректер қалыптастыруға мүмкіндік туады», – деп түсіндірді Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, жаңа ережелер енгізілген жағдайда барлық тәуекелдерді электрондық сауда операторлары өз мойнына алады: олар қайтару рәсімін жүзеге асырады, декларацияларды толтырады және басқа да қажетті іс-әрекеттерді орындайды. Сонымен қатар, сатып алушы да өз тауарын декларациялай алады.

Оның сөзінше, жаңа тәртіп нәтижесінде тұтынушы үшін тауар құны шамамен 2%-ға қымбаттауы мүмкін.

«Қазір, егер сіз 200 еуро мен 31 кг шегінен асып кетсеңіз, жиынтық кедендік төлем ретінде 15% төлейсіз. Жаңа ереже бойынша қосылған құн салығын интернет-платформа төлейді, ал сіз 5% кедендік баж төлейсіз. Барлығы 17% болады. Яғни айырмашылығы – 2%», – деді Жұманғарин.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Астанада Astana LRT жүйесі іске қосылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай мен АҚШ бірқатар тауарға салынатын кедендік бажды төмендетуге келісті

Қытай мен АҚШ бірқатар тауарға қатысты өзара кедендік баж мөлшерін азайту туралы келісімге келді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі ҚХР Сауда министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

CENTCOM: Иранға қатысы бар 78 кеме ұсталды

Теңіз блокадасы басталғалы бері АҚШ әскери-теңіз күштері Иранмен байланысты 78 коммерциялық кемені ұстады. Бұл туралы сенбі күні АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

Тоқаев оқырман ұлт қалыптастыру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы сенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.