Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Оманмен инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы әріптестікті...

Қазақстан Президенті Оманмен инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы әріптестікті нығайтуға шақырды

|

|

Астана. 6 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екіжақты келісімдер жүйесін және тиісті институттардың өзара іс-қимылын күшейту қажет екенін атап өтті. Осы орайда Президент инвесторларға түсінікті әрі ашық жағдай жасауға мүмкіндік беретін Инвестицияларды өзара қорғау туралы шарттың маңызын атап көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің ортақ мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті қаржылық тетіктер қалыптасып келе жатқанын айтты.

«Біз “Самұрық-Қазына” АҚ пен Оманның инвестициялық басқармасы арасында бірлескен инвестициялық құрылым құру туралы келісімге қол қойылғанын құптаймыз. Бұл маңызды бастама қажетті қаржыны жұмылдыруға және қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жақында құрылған Оман халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық орнатудың да әлеуеті зор деп санаймыз. Екі елдің қаржы институттары арасында тікелей байланыс орнату өзара инвестиция салуға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оманның энергетика және тау-кен өнеркәсібі салаларында көп жылдан бері табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.

«Осы маңызды салалардағы мүмкіндіктерімізді біріктіру жаңа бірлескен кәсіпорындар құруға жол ашады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Оманның қолайлы географиялық орналасуын, дамыған порт инфрақұрылымын және Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан бұл елді маңызды транзиттік және логистикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты.

«Қазақстан да табиғи ресурстарға бай, қуатты өнеркәсіптік базаға ие. Еліміз Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа көлік бағыттарының бойында стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасқан. Сонымен қатар көлік байланысын дамытуға арналған нақты жоспарларымыз бар», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты да кеңейтуге шақырды.

«Ауқымды ауыл шаруашылығы алқаптарына ие Қазақстан Парсы шығанағы өңірінің ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде сенімді серіктес болуға дайын», – деді Президент.

Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін Іскерлік кеңестің мүмкіндіктерін барынша пайдалануға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға, болашағы бар жобаларды бірлесіп әзірлеуге және өзара инвестиция көлемін ұлғайтуға шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың келіссөздері қорытындысында экономика саласына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор нарықтары өсті, Оңтүстік Корея индексі төмендеді

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша негізінен өсті. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі өсім, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің қалпына келе бастауы және жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй ықпал етті.

АҚШ Иран тарапынан төнген қауіпке байланысты B-1B бомбалаушы ұшақтарын Ұлыбританиядан әкетті

АҚШ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасауы мүмкін деген ақпараттан кейін Ұлыбританиядағы Фэрфорд әуе базасында тұрған B-1B Lancer бомбалаушы ұшақтарының барлығын басқа жерге ауыстырды.