Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

|

|

Астана. 6 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Өз кезегінде Оман сұлтаны Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденін табыс етті.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Президенті Оман сұлтанының мемлекеттік сапарын тарихи оқиға әрі екіжақты қарым-қатынастағы жаңа кезең деп бағалады.

«Әртүрлі тараптар арасында байланыс орнатып, өзара түсіністікті нығайта білуіңіз Оманның өңірлік және халықаралық саясаттағы айрықша орнын қалыптастыруға ықпал етті. Біз мұндай ұстанымды жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіз халықаралық деңгейде ең тиімді, әділ әрі бейтарап делдалдардың бірі ретінде танылған. Бұл тарихи сапарыңыз Қазақстан мен Оман арасындағы қатынастар шежіресінде маңызды белес болып қалады. Халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін Сізге, Мәртебелім, «Алтын Қыран» орденін табыс ету мен үшін үлкен мәртебе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Оманды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық маңызы зор, уақыт сынынан өткен серіктесі деп атады.

«Оман – Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық маңызы зор әрі сенімді серіктесі. Отыз жылдан астам уақыт бойы біздің ынтымақтастығымыз өзара сенім, түсіністік пен қолдау негізінде дамып келеді. Бүгін Сізді, Мәртебелім, Астанада қарсы ала отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты тарихи жаңа деңгейге көтеріп отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.

«Бұл – Оман сұлтанының Қазақстанға және жалпы Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары. Мен бұл сапарды еліме деген шынайы құрметтің және екі мемлекеттің өзара сауда мен ортақ мүддеге сай барлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысының белгісі деп қабылдаймын. Мұнай-газ сияқты дәстүрлі салалармен қатар, көлік және логистика, цифрландыру, жасанды интеллект секілді жаңа бағыттарда да мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ сауда байланыстарын дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдері жөніндегі ақпарат алмасуға да ерекше мән береміз. Оман сияқты стратегиялық серіктесіміздің болғанына қуаныштымыз және сіздердің елдеріңіз үшін сенімді әріптес болуға бар күшімізді саламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Хайсам бен Тарик Әл Саидтың Қазақстан–Оман қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесін де атап өтті.

«Мәртебелім, Сіз – көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Мемлекет басқарудағы көреген ұстанымыңыз бен халқыңызға ұзақ жылдар бойы адал қызмет етуіңіз зор құрметке лайық. Қазақстан халқы Сізге айрықша ілтипатпен қарайды және Оманды тек серіктес қана емес, бауырлас әрі дос мемлекет деп санайды. Адами капиталға инвестиция салып, инновацияны енгізу және болашаққа бағдарланған экономика құру арқылы стратегиялық көзқарастың мемлекетті өзгертіп, оның тұрақты өркендеуіне қалай жол ашатынын айқын көрсетіп келесіз. Oman Vision 2040 бағдарламасы ұлттық болмыс, құндылықтар мен дәстүрлерді сақтай отырып, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және орнықты экономика қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағдарыңызды көрсетеді. Бейбітшілікті жақтаған, парасат-пайымы жоғары шынайы көшбасшы ретінде Сіз әлемдегі көптеген адамға және жоғары деңгейдегі саясаткерлерге үлгі болып келесіз», – деді Қазақстан Президенті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.