Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Қырғызстанмен елшіліктердің қажеттілігі үшін ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз беру...

Қазақстан Қырғызстанмен елшіліктердің қажеттілігі үшін ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз беру туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 9 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Астана және Бішкек қалаларында елшіліктер мен екі мемлекеттің елшілерінің резиденциялары үшін ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.

Келісімге 2025 жылғы 22 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған.

Құжатқа сәйкес, Астана мен Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелері 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға беріледі және бұл мерзімді кейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Бішкектегі Қазақстан елшілігіне ауданы 0,75 гектар жер учаскесі, ал Қазақстан елшісінің резиденциясы үшін жалпы ауданы 531,66 шаршы метр болатын коттедж және оған іргелес 0,17 гектар аумақ бөлінеді.

Өз кезегінде Астанадағы Қырғызстан елшілігіне ауданы 0,74 гектар жер учаскесі, ал Қырғызстан елшісінің резиденциясы үшін жалпы ауданы 1267,8 шаршы метр коттедж және оған іргелес 0,125 гектар аумақ беріледі.

Келісімге сәйкес, аталған жылжымайтын мүлік екі мемлекетте алынатын барлық салықтар мен алымдардан босатылады. Сонымен қатар тараптар ғимараттарды салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ орналасқан елде қолданыстағы тарифтер бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге байланысты барлық шығындарды дербес өтейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.