Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткіліктілік деңгейі ұлғайтылды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткіліктілік деңгейі ұлғайтылды

|

|

Астана. 6 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін (ЖШ) есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, енді Қазақстан азаматтарының зейнетақы шотында 20 жаста – 6,67 млн теңге, 30 жаста – 9,75 млн теңге, 40 жаста – 13,37 млн теңге, 50 жаста – 17,59 млн теңге, ал 60 жаста – 22,5 млн теңге көлемінде жинағы болуы тиіс.

Егер жинақталған қаражат мөлшері белгіленген шектен төмен болса, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкін болмайды.

БЖЗҚ мәліметінше, жеткіліктілік шектері салымшының жасына қарай 79 пайызға және одан да жоғары деңгейде ұлғайтылған. Зейнет жасына жақындаған сайын болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар артып, зейнетақы шотында сақталуы тиіс қаражат көлемі де көбейеді.

Осыған байланысты зейнет жасына таяған азаматтар үшін жеткіліктілік шегі екі еседен астам өскен. Бұл олардың зейнетақы жинақтары шотта қалып, әрі қарай инвестицияланып, болашақтағы төлем көлемінің артуына мүмкіндік береді.

Қордың түсіндіруінше, бұрынғы әдістеме бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған жағдайда зейнетақы төлемдері медианалық жалақының шамамен 15 пайызы деңгейінде болар еді. Жаңа әдістеме бойынша бұл көрсеткіш шамамен 40 пайызға дейін жетеді.

Сонымен қатар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40 пайызын өтейтін зейнеткерлер жинақтарының 50 пайызына дейін тұрғын үй және емделу мақсаттарына пайдалана алады.

Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар мен еңбек сіңірген жылдары үшін мемлекеттен зейнетақы алатын тұлғалар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалана алады.

Қазақстанда ерлер үшін зейнетке шығу жасы – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың соңына дейін осы деңгейде сақталады. Ал 2028 жылдан бастап әйелдер де 63 жаста зейнетке шығатын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.