Евразия24ЖаңалықтарРесей Вьетнаммен сауда-экономикалық байланысты дамытуға басымдық береді

Ресей Вьетнаммен сауда-экономикалық байланысты дамытуға басымдық береді

|

|

МӘСКЕУ. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ел президенті То Ламмен кездесуінде Мәскеудің Вьетнаммен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді.

«Вьетнам — Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесіміз. Ресей мен Вьетнам арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз», — деді Мишустин.

Оның айтуынша, Ресей үкіметі Вьетнаммен сауда-экономикалық байланысты дамытуға ерекше мән береді. Екі ел энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық экономика және жоғары технология салаларындағы бірқатар ортақ жобаны жүзеге асырып келеді.

«Ресей мен Вьетнам өңірлері арасындағы байланысты да нығайтып жатырмыз. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау маңызды», — деді Ресей премьер-министрі.

Мишустин сәрсенбі күні Вьетнам басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізетінін атап өтті. Оның пікірінше, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы сан салалы ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін береді.

Премьер-министр Ресей мен Вьетнамның үкіметаралық комиссиясы белсенді жұмыс істеп жатқанын да айтты. Комиссияның Ресей тарапына вице-премьер Дмитрий Чернышенко жетекшілік етеді. Кезекті отырыс биыл қарашада Ханойда өтеді.

Өз кезегінде То Лам Вьетнам Ресейдің тұрақты әрі қуатты мемлекет ретінде дамуын және өңірлік әрі әлемдік үдерістердегі рөлінің арта түсуін үнемі қолдайтынын жеткізді.

«Соңғы уақытта Вьетнам мен Ресей арасындағы дәстүрлі достық пен жан-жақты стратегиялық серіктестік қарқынды дамып келеді», — деді ол.

То Ламның айтуынша, екі елдің министрліктері мен ведомстволары арасында байланыс тұрақты жолға қойылған, өзара сапарлар да жиіледі. Бұл тараптардың алдағы уақытта жан-жақты серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін көрсетеді.

Вьетнам басшысы екі елдің атом энергетикасы, энергетика және мұнай-газ салаларындағы ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатқанын айтты. Ғылым, технология, білім беру және гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық та дамып келеді.

Оның сөзінше, Вьетнам билігі елді дамыту үшін қажетті шараларды қолға алып жатыр, ал Ресей бұл бағыттағы маңызды серіктестердің бірі саналады.

То Лам Вьетнамның халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде ортақ мәселелерді шешуге арналған көпжақты тетіктерді қалыптастыруға және халықаралық ықпалдастыққа белсенді қатысатынын атап өтті. Ел сыртқы саясатында Ресеймен қарым-қатынасты дамытуға да айрықша мән береді.

Ресей тарапынан кездесуге вице-премьер Дмитрий Чернышенко, өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алиханов, ағарту министрі Сергей Кравцов, ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, экономикалық даму министрі Максим Решетников, қаржы министрі Антон Силуанов, ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Израильдің Палестина жеріндегі қоныстарын бейбітшілікке кедергі деп санайды

Еуропалық одақ басып алынған Палестина аумағындағы Израиль қоныстары халықаралық құқыққа қайшы деген ұстанымын тағы да растады.

Қазақстан экономикасына 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет болады

2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен экипаж мүшесіне қатысты сот басталды

Финляндияда Fitburg жүк кемесінің капитаны мен боцманына қатысты сот процесі басталды. Оларға Фин шығанағындағы телекоммуникациялық кабельдерді зақымдады деген айып тағылып отыр.

Volkswagen Ducati-ді сатуы мүмкін

Германияның Volkswagen (VW) автоконцерні шығындарын азайту мақсатында активтерін қайта қарап, мотоцикл шығаратын Ducati компаниясын сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Bloomberg.