Евразия24ЖаңалықтарҚХР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жапония премьер-министрінің Қытайға қатысты мәлімдемелерін сынға алды

ҚХР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жапония премьер-министрінің Қытайға қатысты мәлімдемелерін сынға алды

|

|

Гонконг. 22 қараша. ИНТЕРФАКС – Қытай Халық Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Фу Цун Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитидің Тайвань мәселесіне қатысты соңғы мәлімдемелері ҚХР-дың ұлттық қауіпсіздігіне және халықаралық тәртіпке тікелей қатер төндіреді деп мәлімдеді.

ҚХР-дың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Фу Цун Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитидің Тайвань мәселесіне қатысты соңғы мәлімдемелері Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне және халықаралық тәртіпке тікелей қатер төндіретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – жапон көшбасшысының Тайваньға байланысты әскери араласуға дайын екенін алғаш рет ашық мәлімдеуі және Қытайдың негізгі мүдделеріне қарсы тікелей қоқан-лоқы жасау жағдайы болып отыр.

Фу Цун бұл пікірін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған ресми хатында білдіріп, құжат кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге ресми түрде таратылмақ. Онда Қытай дипломаты премьердің сөздерін «түбегейлі қате, өте қауіпті және ерекше жағымсыз салдары бар» деп сипаттаған. Сонымен қатар, Жапонияның мұндай «жасырын емес арандатушылық мәлімдемелерінде» табандылық танытып отырғанын да атап өткен.

2025 жылғы қарашада премьер Такаити Тайвань төңірегіндегі күш қолдану арқылы орын алуы мүмкін төтенше жағдай Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ахуалға ұласуы ықтимал екенін айтқан болатын. «Киодо» агенттігінің түсіндіруінше, мұндай жағдайда Жапония ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын пайдалана алады. Бұл – соңғы онжылдықтарда жапон премьерінің Тайвань мәселесін әскери іс-қимылдармен тікелей байланыстырған алғашқы ашық мәлімдемесі.

Осы мәлімдемеден кейін Қытай билігі өз азаматтарына Жапонияға сапардан бас тартуға кеңес беріп, Жапонияда білім алуды жоспарлағандарға шешімін қайта қарауға шақырды. Сонымен бірге ҚХР Жапониядан теңіз өнімдерін қайта импорттауға қатысты шараларды уақытша тоқтатты. Қытай СІМ өкілі Мао Нин Такаити өз пікірінен бас тартпаған жағдайда, Пекин қосымша шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Санаэ Такаити соңғы мәлімдемесінде өз ұстанымынан бас тартпайтынын тағы бір мәрте нақтылады. Ол Жапонияның қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін жағдайларда үкімет жан-жақты талдау жүргізетінін, және бұл мәселе бойынша үкіметтің ұстанымы өзгермегенін айтты.

64 жастағы Такаити қауіпсіздік саласында қатаң көзқарастарымен және 1947 жылғы Жапония Конституциясының милитаризмнен бас тарту жөніндегі 9-бабын қайта қарауды қолдауымен танымал. Сонымен қатар ол ультраоңшыл және ұлтшыл идеяларды жақтайтын саясаткер ретінде сипатталады.

Тайвань мәселесі 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін туындаған. Сол кезде Қытайдың Гоминьдан партиясы Тайвань аралына шегініп, өзін Қытай Республикасы деп жариялаған. Пекин «Бір Қытай» қағидатын ұстанып, бір уақытта ҚХР мен Тайваньды қатар мойындауға болмайтынын мәлімдейді. Дегенмен, көптеген елдерде Тайбэйдің бейресми мәдени және экономикалық өкілдіктері жұмыс істейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтуде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ел азаматтарына үндеу жолдады.

ПСЖ жеңісінен кейін Францияда 780 адам ұсталды

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес Чемпиондар лигасының финалында Пари Сен-Жермен жеңіске жеткеннен кейін басталған тәртіпсіздіктердің жалпы жағдайы бақылауда екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел бойынша 780 құқық бұзушы ұсталған.

ИРСК: Ормуз бұғазы арқылы бір тәулікте 28 кеме Иранның келісімімен өтті

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) соңғы тәулікте Ормуз бұғазы арқылы 28 кеменің өткенін хабарлады. Мәліметке сәйкес, олардың барлығы Иран билігінің рұқсатын алған.

Нетаньяху Израильдің Ливандағы операциялары кеңейтілетінін мәлімдеді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливан аумағындағы әскери іс-қимылдарын күшейтіп, кеңейтетінін мәлімдеді.