Евразия24ЖаңалықтарҚыркүйектен бастап Алматы – Үргеніш бағыты бойынша рейстер ашылмақ

Қыркүйектен бастап Алматы – Үргеніш бағыты бойынша рейстер ашылмақ

|

|

Астана. 28 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстандық FlyArystan лоукостері 3 қыркүйектен бастап Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Бұл туралы әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Бір бағыттағы билет құны 41 мың теңгеден басталады.

«Үргеніш – Өзбекстанның солтүстік-батысындағы маңызды көлік торабы. Ол Хиуа және Нүкіс сияқты қалаларға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді. Жаңа рейстің ашылуы Орталық Азиядағы өңірлік бағыттар арасындағы маршруттық желіні жүйелі түрде дамытуға деген ұмтылысымызды көрсетеді», – делінген хабарламада авиакомпанияның президенті әрі бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген сөзінен.

Хабарламада рейстер мемлекеттік органдардың қажетті рұқсаттарын алған жағдайда Air Astana компаниясымен кодшерингтік келісім аясында орындалатыны атап өтілген.

Авиакомпания мәліметінше, жаңа бағыт жолаушыларға Алматы арқылы Қытай мен Оңтүстік Кореяға Air Astana рейстерімен әрі қарай ұшуға мүмкіндік береді.

Үргеніш – Өзбекстандағы Хорезм облысының әкімшілік орталығы. Қала Ичан-Кала тарихи кешені орналасқан Хиуаға баратын негізгі қақпа саналады. Хиуа ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган болып құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Исландияда ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр

Исландияда сенбі күні Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум басталды.

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалған

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, тағы 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Непалдағы елшілігі хабарлады.