Евразия24Жаңалықтар«Рагаса» тайфунынан Тайванда 14 адам көз жұмды

«Рагаса» тайфунынан Тайванда 14 адам көз жұмды

|

|

 

Лондон. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Тайванда болған «Рагаса» тайфуны салдарынан орын алған су тасқынынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлады Sky News сәрсенбі күні.

Табиғи апаттан аралдың шығыс бөлігі ең көп зардап шекті – 129 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қытайдың материктік бөлігінде, атап айтқанда, елдің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының он қаласында, мектептер, дүкендер мен кәсіпорындар жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Провинциядағы ірі қалалардың бірі — Шэньчжэньдегі әуежайда 529 рейс тоқтатылғаны хабарланды.

Филиппиндерде де табиғи апат салдары сезілді — төрт адам қаза тауып, 700 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы мәлімет бар.

Бұған дейін Гуандун провинциясының Чжухай мен Чжаньцзян қалаларында лай көшкіні жүру қаупі бар екені ескертілген болатын.

Гонконг әуежайында да 100-ден астам рейс тоқтатылды. 86 ішкі және 30-дан астам халықаралық бағыт бойынша ұшулар орындалмаған. Сондай-ақ Emirates (Дубай), Lufthansa (Франкфурт-на-Майне), Air France (Париж) секілді әлемдік ірі әуе компанияларының бірнеше рейстері де ұшпай қалған.

South China Morning Post (SCMP) басылымының мәліметінше, уақытша шектеулер жергілікті уақытпен бейсенбі күні таңғы 06:00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 01:00) жалғасады.

Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік жағалауында тайфундар жиі болып тұрады. Мәселен, 2017 жылы болған «Хато» тайфуны – 1962 жылдан бергі ең жойқын дауыл саналған. Оның салдарынан 270 адам зардап шекті, соның ішінде 120 адам – Гонконгта.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.

Тоқаев құны 1,8 млрд доллар болатын Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына бастау берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың елдегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады

Түркияда ресейлік туристер арасында кеңінен қолданылатын Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей туроператорлары қауымдастығы (АТОР) сервис операторына сілтеме жасап хабарлады.