Евразия24ЖаңалықтарSpaceX орбитаға тәжірибелік Starfall капсуласын ұшырды

SpaceX орбитаға тәжірибелік Starfall капсуласын ұшырды

|

|

Вашингтон. 23 маусым. ИНТЕРФАКС – Falcon 9 зымыран-тасығышы сейсенбі күні орбитаға орбитада өндірілген өнімдерді Жерге жеткізуге арналған тәжірибелік Starfall қайтарылатын жүк капсуласын алып ұшты. Бұл туралы жобаны әзірлеуші SpaceX компаниясы хабарлады.

Капсула салмағы бір тоннаға дейінгі пайдалы жүкті парашют жүйесінің көмегімен Жерге қайтарып, мұхитқа қондыру мүмкіндігін көрсетуі тиіс.

Зымыран ұшырылымы АҚШ Ғарыш күштерінің Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан 40-шы ұшыру кешенінен АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша 06:53-те (Мәскеу уақытымен 13:53-те) жүзеге асырылды.

Миссия басталғаннан шамамен үш сағат өткен соң, Жерді бір жарым рет айналып шыққан капсула зымыранның екінші сатысынан бөлініп, атмосфераның тығыз қабаттарына ене бастайды. Starfall капсуласы Калифорниядан батысқа қарай шамамен 965 шақырым қашықтықтағы Тынық мұхитына қонады деп күтілуде.

Starfall капсуласының басты ерекшелігі – оның дәстүрлі емес конструкциясы. Ол диаметрі шамамен 3,1 метр, ал биіктігі небәрі 0,75 метр болатын жалпақ диск пішінінде жасалған. Толық жабдықталған капсуланың салмағы 2 100 келіні құрайды, ал қайтарылатын жүктің көлемі 1 000 келіге дейін жетеді. Қолданыстағы жүйелермен салыстырғанда, Starfall жүк көтергіштігі жағынан 30 есе артық мүмкіндік ұсынады.

АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) құжаттарына сәйкес, капсуланы қолданудың негізгі бағыттарының бірі – орбиталық өндіріс. Оның ішінде Жердегі тартылыс жағдайында өндіру мүмкін емес фармацевтикалық препараттар, ақуыз кристалдары, жартылай өткізгіш материалдар мен жетілдірілген оптикалық талшықтар бар.

Сонымен қатар Пентагонмен Starfall капсуласын әскери қақтығыс аймақтарына немесе әскери қолдау қажет өңірлерге аса маңызды жүктер мен жабдықтарды әлемнің кез келген нүктесіне жедел жеткізу мақсатында пайдалану мәселесі талқыланып жатыр.

Егер алғашқы сынақ сәтті өтсе, компания FAA-дан сынақтардың екінші кезеңін өткізуге рұқсат алады. Ал екі демонстрациялық миссия да табысты аяқталған жағдайда, SpaceX Starfall жүйесін коммерциялық қызмет ретінде ұсына бастайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Польшаның PERN компаниясы Aramco үшін төрт жанармай сақтау қоймасын салады

Польшаның құбыр инфрақұрылымының операторы PERN Aramco Fuels Poland (AFP) компаниясымен Польша аумағындағы базаларда жанармай сақтауды көздейтін ұзақ мерзімді келісімге қол қойды.

АҚШ-пен жасалған келісімдер толық орындалса, Иран 50 млрд долларға дейін қаражатқа қол жеткізуі мүмкін

АҚШ-пен санкцияларды алып тастау және бұғатталған активтерді босату жөніндегі барлық келісімдер іске асқан жағдайда, Иран 50 млрд долларға дейінгі қаражатқа қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы сейсенбі күні «Әл-Жазира» телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Жануарларға қатыгездік танытқандарға жаза күшейтілді

Қазақстанда жануарларға қиянат жасауға деген көзқарас өзгеріп келеді. Бұрын мұндай әрекеттер көбіне болмашы бұзақылық немесе үй жануары иесінің өз шаруасы ретінде қабылданса, енді ол қоғамға қауіп төндіретін іс ретінде бағаланатын болды.

Еске алу флешмобы ұрпақтар сабақтастығы мен халықтар бірлігін көрсетті

Қасірет пен еске алу күні Орталық Азия халықтары 1941 жылғы 22 маусымда болған алапат оқиғаға қатысты ең маңызды әрі жүрекке жақын сөздерін бірге арнады. Дәл осы күн Еуразия кеңістігіндегі халықтардың тағдырын мәңгілікке «соғысқа дейін» және «соғыстан кейін» деп екі кезеңге бөлді. Флешмобтың ерекше мәні – өлең жолдарын балалардың оқуы.