Евразия24ЖаңалықтарТеңгенің KASE-дегі саудада орташа өлшенген бағамы нығая түсті

Теңгенің KASE-дегі саудада орташа өлшенген бағамы нығая түсті

|

|

Астана. 20 қаңтар. Интерфакс-Қазақстан — Сейсенбі күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларына қатысты теңгенің орташа өлшенген бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,5%-ға (2,58 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 507,05 теңгені құрады, деп хабарлады KASE.

Дүйсенбі күні орташа өлшенген бағам 1 доллар үшін 509,63 теңге болған.

20 қаңтарға белгіленген ресми бағам — 1 доллар үшін 509,63 теңге.

Ресми бағамды айқындаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 21 қаңтарда доллардың ресми бағамы 507,05 теңге деңгейінде белгіленеді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.