Евразия24ЖаңалықтарТоқаев 2027 жылы Қазақстанда түркі мемлекеттерінің іскерлік форумын өткізуді ұсынды

Тоқаев 2027 жылы Қазақстанда түркі мемлекеттерінің іскерлік форумын өткізуді ұсынды

|

|

Астана. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы елімізде түркі мемлекеттерінің іскерлік форумын өткізуді ұсынды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Экономикалық ықпалдастықты тереңдету үшін Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Қазақстан осы құрылымға төрағалық еткен кезеңде бірқатар іс-шара өткізіліп, маңызды құжаттар әзірленді. Бұл жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында 2027 жылы елімізде іскерлік форум ұйымдастыруға болар еді», – деді Тоқаев жұма күні Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-саммитінде.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің қызметі де аса маңызды екенін атап өтті. «Біз бұл құрылымға қаржылай және өзге де жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет», – деді мемлекет басшысы.

Ол биыл Қазақстанның Ұйымға мүше мемлекеттермен тауар айналымы 10 млрд долларға жуықтағанын еске салды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артқан.

«Осы өсім қарқынын сақтау үшін бірқатар шара қабылдауымыз қажет. Ең алдымен, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасының сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдету маңызды», – деді ол.

Президенттің айтуынша, Қазақстан құжат жобасында көзделген сауда, инвестиция, қаржы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, білім, ғылым және басқа да салаларды дамытуға бағытталған кешенді шараларды қолдайды.

«Қабылданатын бесжылдық стратегияның нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталуы аса маңызды. Сондықтан осы мақсатқа қол жеткізу үшін Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет. Бұл институттың әлеуеті зор. Оны толық іске асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауымыз керек», – деп есептейді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Италияда бағаның өсуі мен Мелони үкіметінің саясатына қарсы наразылық шерулері өтті

Рим. 30 қазан. ИНТЕРФАКС – Италияда тұрмыс құнының қымбаттауына,...

Қазақстан мен Қырғызстан Бішкекте өткен екінші өңіраралық ынтымақтастық форумында бірқатар құжатқа қол қойды

Астана. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің...

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі қаңтар–тамыз айларында 19%-дан астам өсті

*** Қазақстан Қырғызстанға азық-түлік, мұнай-химия және металлургия өнімдерін жеткізуді...

Еуропаның өзін-өзі күйрету шежіресі. Еуропалық либерализмнің күйреу алдындағы дағдарысы

Еуропаның Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде болып жатқан тәртіпсіздіктерді студенттердің кезекті наразылығы немесе қоғамдағы әлеуметтік көңіл толмаушылықтың көрінісі ретінде ғана қарастыруға болмайды. Бұл – социалистік блок ыдырағаннан бері Еуропада үстемдік етіп келген либералдық-либертариандық модельдің жүйелі дағдарысқа ұшырағанын білдіретін белгі. Кез келген үстем идеология сияқты, либерализмнің де ықпалы идеология мен философия саласында жүргізілген ауқымды зияткерлік жұмыстың нәтижесінде қалыптасты. Бұл жұмыс социалистік идеялардың ғана емес, адамдардың бірлесіп, қауымдастық болып өмір сүруіне негізделген кез келген қоғамдық ұстанымның мәнін жойып, беделін түсіруге бағытталды. Соның нәтижесінде материалистік атеизм қазіргі заманға сай өмір сүрудің бірден-бір үлгісі ретінде орнықтырылды.