Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Алатау мен Алматы арасында Skytrain желісін іске қосу мәселесін пысықтауды тапсырды

Тоқаев Алатау мен Алматы арасында Skytrain желісін іске қосу мәселесін пысықтауды тапсырды

|

|

Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау мен Алматы қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Алатауды Алматымен байланыстыратын жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін пысықтау қажет», – деді Президент сейсенбі күні қаланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысының пікірінше, Алматы агломерациясы ішіндегі көлік байланысын күшейтіп, жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік жүйесін белсенді түрде дамыту керек.

«Осы мәселені шешу үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне, сондай-ақ Самұрық-Қазына қорымен бірлесіп, биылғы 1 тамызға дейін қаланың шығыс және батыс бағыттарындағы шекарасынан бастап Skytrain желілерін (жоғары жылдамдықты аспалы рельсті көлік жүйесі) салу жобасын іске асырудың барлық қырларын пысықтауды тапсырамын», – деді Тоқаев.

Президент Алатау қаласының Алматыға жақын орналасуы екі қала арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мұны өңірдегі билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуі керек деп санаймын. Сондықтан тағы да қайталаймын: Алатау қаласында ең алдымен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау қажет. Сонда кәсіпорындардың соңынан адамдар да келеді, бұл өз кезегінде халықтың Алматыға күнделікті қатынап жұмыс істеуін азайтады», – деді Мемлекет басшысы.

Оның мәліметінше, Алматы қаласына күн сайын облыстан шамамен 400 мың автокөлік кіреді.

Алматы облысындағы Алатау қаласы 2024 жылдың қаңтарында Президент Жарлығымен құрылған. Қаланың бас жоспары сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесіп әзірленген. 2025 жылдың қыркүйегінде Президент Алатауға арнайы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды.

Жоспар бойынша «Алатау Сити» өңірдегі алғашқы толық цифрлық қалаға айналмақ. Мұнда smart city технологиялары кеңінен енгізіліп, тауарлар мен қызметтердің ақысын криптовалюта арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.