Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

|

|

АСТАНА. 10 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады.

«WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілу – Сіздің ерекше талантыңыздың, орасан еңбегіңіз бен өз күшіңізге деген берік сеніміңіздің арқасында бағындырған биік белесіңіз. Осы тарихи жетістігіңізбен Қазақстан спортының абыройын асқақтатып, есіміңізді әлемдік теннис тарихына жаздыңыз», – делінген Президенттің құттықтауында.

«Сіздің спорттағы жолыңыз еліміздегі мыңдаған жас спортшыға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйеріне үлгі. Сондай-ақ кортта да, күнделікті өмірде де түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде жоғары мәдениет танытып жүрсіз. Бұл Сіздің парасатыңыз бен тәрбиеңізді аңғартады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, Президент Елена Рыбакинаға жеңіске деген жігерін жоғалтпай, жаңа жетістіктерге нық қадам баса беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 – маусымдағы «Үлкен дулыға» сериясының соңғы турнирінде жартылай финалға шыққаннан кейін карьерасында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.