Евразия24ЖаңалықтарТоқаев «Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі» бастамасын іске қосуды ұсынды

Тоқаев «Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі» бастамасын іске қосуды ұсынды

|

|

Астана. 17 шілде. INTERFAX-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Шанхайда өткен Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияда сөз сөйлеп, «Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі» бастамасын іске қосуды ұсынды.

«Біз цифрлық сауданың дамуын ынталандыруға және “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында цифрлық экономикаларды интеграциялаудың практикалық моделін қалыптастыруға бағытталған “Қазақстан – Қытай цифрлық көпірі” бастамасын іске қосуды ұсынамыз», – деді Тоқаев. Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару сияқты салаларға қауіпсіз әрі ауқымды түрде енгізу үдерісін жеделдету қажеттігін атап өтті.

Президенттің пікірінше, жасанды интеллектіні реттеу саласындағы ұлттық тәсілдердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етудің де маңызы зор.

«Жасанды интеллект жүйелерін сынақтан өткізу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын қалыптастыру аса маңызды. Сондай-ақ киберқауіптер, дипфейктер, цифрлық алаяқтық және өзге де жаңа қатерлерді қоса алғанда, жасанды интеллектіні зиянды мақсатта пайдаланудан қорғайтын сенімді тетіктерді әзірлеуіміз қажет», – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Үкіметі Қазақстанның келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысын қолдайды деген үміт білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.

БАҚ: Судан әскері жасырын түрде химиялық қару қорын құрған

Судан Қарулы күштері химиялық қару жасап шығарған. Бұл туралы The Washington Post (WP) Таяу Шығыстағы қауіпсіздік қызметтерінің аты-жөні аталмаған өкілдері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.