Евразия24ЖаңалықтарТоқаев WAICO ұйымының алғашқы отырысын Астанада өткізуді ұсынды

Тоқаев WAICO ұйымының алғашқы отырысын Астанада өткізуді ұсынды

|

|

Астана. 17 шілде. INTERFAX-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) алғашқы отырысын Астанада өткізуді ұсынды.

«Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның алғашқы отырысын Астанада өткізу біз үшін үлкен мәртебе болар еді. Сондай-ақ Қазақстанда осы ұйымның Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігін орналастыруды ұсынамыз», – деді Тоқаев жұма күні Шанхайда өткен Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияда сөйлеген сөзінде. Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның негізін қалаушы елдердің бірі екенін атап өтіп, Қытайдың осы маңызды халықаралық платформаны құрудағы жетекші рөліне жоғары баға беретінін айтты.

«Жуырда ғана құрылған бұл жаһандық ұйымның әлемдік жасанды интеллекттің болашағын айқындайтын жетекші халықаралық институтқа айналу үшін әлеуеті зор екеніне нық сенімдіміз», – деді Президент.

Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйым (WAICO) – Қытай Үкіметінің бастамасымен құрылған тәуелсіз халықаралық үкіметаралық ұйым. Оны құру туралы келісімге Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференция қарсаңында 29 мемлекет, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан және Индонезия қол қойды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.

БАҚ: Судан әскері жасырын түрде химиялық қару қорын құрған

Судан Қарулы күштері химиялық қару жасап шығарған. Бұл туралы The Washington Post (WP) Таяу Шығыстағы қауіпсіздік қызметтерінің аты-жөні аталмаған өкілдері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.