Евразия24ЖаңалықтарТоқаев жасанды интеллектті реттеу мәселелері бойынша жаһандық сарапшылық алаң құруды ұсынды

Тоқаев жасанды интеллектті реттеу мәселелері бойынша жаһандық сарапшылық алаң құруды ұсынды

|

|

Астана. 17 шілде. INTERFAX-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні (ЖИ) реттеу, стандарттар мен этика мәселелері бойынша тұрақты халықаралық сарапшылық алаң құруға шақырды.

«Барлық қатысушы мемлекеттер мен мүдделі тараптарды жасанды интеллектті реттеу, стандарттар және этика мәселелері жөніндегі тұрақты сарапшылық платформаны құруға шақырамын», – деді Тоқаев Шанхайда өткен Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияда сөйлеген сөзінде.

Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері адамзаттың оны түсіну, бағалау және тиімді реттеу қабілетінен озық дамып келеді.

«Түптеп келгенде, жасанды интеллекттің болашағын адамдар айқындайды. Сондықтан бұл саладағы таланттар үшін бәсеке күшейе түседі. Біз жас ұрпақты цифрлық дағдылармен қатар сыни ойлау қабілетіне, ізденімпаздыққа және жоғары этикалық жауапкершілікке баулуымыз қажет», – деді Президент.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның аясында халықаралық мектептер, озық тәжірибе орталықтары мен академиялық әріптестік желісін құруды ұсынды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.