Евразия24ЖаңалықтарВладимир Путин Иранның Жоғарғы жетекшісінен жолдау алғанын мәлімдеді

Владимир Путин Иранның Жоғарғы жетекшісінен жолдау алғанын мәлімдеді

|

|

Санкт-Петербург. 27 сәуір. ИНТЕРФАКС – Рейсей Президенті Владимир Путин Иран СІМ Аббас Аракчимен кездесу барысында Иранның Жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи жолдаған хатты өткен аптада алғанын айтты.

«Өткен аптада Иранның Жоғарғы жетекшісінен жолдау алдым. Осыған байланысты оған шынайы алғысымды жеткізуіңізді сұраймын. Сонымен қатар Ресей, Иран сияқты, стратегиялық қарым-қатынастарды жалғастыруға ниетті екенін растайды», – деді Путин дүйсенбі күні.

Ол сондай-ақ Иранның Жоғарғы жетекшісіне денсаулық пен амандық тіледі.

Кездесу Санкт-Петербург қаласындағы Президенттік кітапханада өтті.

Ресей тарапынан кездесуге Сергей Лавров, Президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, сондай-ақ Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков қатысты.

Иран делегациясының құрамына Аракчиден бөлек Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади және Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали кірді.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл кездесудің маңызын атап өткен болатын.

«Иран төңірегіндегі және Таяу Шығыстағы ахуалдың дамуы тұрғысынан бұл кездесудің маңызын асыра бағалау мүмкін емес», – деді Песков.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.