Евразия24ЖаңалықтарУЕФА басшысы ФИФА президенті сайлауы бәсекесіз өтпейді деп есептейді

УЕФА басшысы ФИФА президенті сайлауы бәсекесіз өтпейді деп есептейді

|

|

Лондон. 24 тамыз. ИНТЕРФАКС – УЕФА президенті Александер Чеферин Джанни Инфантино ФИФА басшысы қызметіне қайта сайлануға шешім қабылдаса, оған қарсы басқа кандидат шығатынына сенімді. Бұл туралы дүйсенбі күні The Guardian хабарлады.

«Мұнда екі жол бар. Біріншісі – ол қажетті қолдауға ие бола алмағанын түсініп, сайлауға түспеуі мүмкін. Ал сайлауға қатысуға шешім қабылдаса, наурызда оған бәсекелес болатын үміткер міндетті түрде табылады деп ойлаймын. Оның кім болатынын әзірге айта алмаймын», – деді Чеферин The Rest is Politics: Leading подкастында.

УЕФА басшысы өзінің ФИФА президенттігіне үміткер болу жоспары жоқ екенін де айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда бұл қызметке таласпау оған деген сенімді арттыра түседі.

Шілде айында The Guardian ФИФА-ға мүше елдердің басым көпшілігі 2027 жылғы наурызда өтетін президент сайлауы қарсаңында Инфантиноны қолдағанын жазған еді. Сол кезде оның сайлауға жалғыз кандидат ретінде қатысуы мүмкін деген болжам айтылды. Алайда Инфантино әлем чемпионаттарын өткізуге жеке инвесторлардың қаражатын тартуды ұсынғаннан кейін дау туып, бірқатар ел оған білдірген қолдауынан біртіндеп бас тарта бастады.

Чеферин сырттан инвестиция тартуды көздеген Fifa Forward Enterprise (FFE) жобасын да сынға алды. Оның пікірінше, бұл бастама Чемпиондар лигасына балама ретінде ұсынылған Суперлига жобасынан да тиімсіз. УЕФА басшысы мұндай қадамды «футболды сатумен» теңестірді.

Чеферин Инфантиноның АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынасына да сын айтты.

«Шынымды айтсам, мұндай саясаткерді немесе жалпы кез келген саясаткерді жақын досым деп ойлау – аңғалдық. Сен оған кедергі келтіре бастаған сәттен бастап, достық та аяқталады», – деді ол.

Чеферин мен УЕФА FFE жобасына қарсы шыққан негізгі тараптардың қатарында болды. УЕФА, Азия футбол конфедерациясы (АФК) және Солтүстік, Орталық Америка мен Кариб бассейні футбол конфедерациясының (КОНКАКАФ) қарсылығынан кейін Инфантино бұл жоспардан бас тартты. Соған қарамастан, аталған үш ұйым ФИФА ұйымдастыратын әлем чемпионаттарына бойкот жариялау ниетін әзірге өзгерткен жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Сенатындағы республикашылдар Трамп ұсынған кандидаттардың Пентагондағы маңызды қызметтерге тағайындалуына тосқауыл қоймақ – БАҚ

АҚШ Сенатындағы республикашылдар президент Дональд Трамп Пентагондағы маңызды қызметтерге ұсынған кемінде екі кандидаттың тағайындалуына кедергі жасауға дайын. Бұл туралы The Washington Post (WP) газеті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мексикада ірі Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы ұсталды

Мексиканың Синалоа штатындағы Гуасаве муниципалитетінде Мексика мен АҚШ күштік құрылымдарының бірлескен операциясы барысында Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы Фаусто Исидро Меса Флорес ұсталды. Эль Чапо Исидро деген атпен танымал ол АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) іздеу жариялаған аса қауіпті қылмыскерлердің бірі болған. Бұл туралы ЭФЭ ақпарат агенттігі хабарлады.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі америкалық Patriot жүйесінің радарларына соққы бергенін мәлімдеді – БАҚ

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған кешенді операция барысында Бахрейнде орналасқан америкалық Patriot зениттік зымыран кешендерінің екі радиолокациялық станциясына соққы бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы хабарлады.

АҚШ әскери қызметшілеріне канадалық әріптестерімен бейресми қарым-қатынасты шектеу тапсырылды

АҚШ Соғыс министрлігі америкалық әскери қызметшілерге қызметтік қажеттілік болмаса, канадалық әріптестерімен қарым-қатынасты азайтуды тапсырды. Бұл туралы The New York Times (NYT) газеті АҚШ сенаторы Майк Раундзға сілтеме жасап хабарлады.