Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кемеге соққы жасады, екі...

АҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кемеге соққы жасады, екі адам қаза тапты

|

|

Вашингтон. 30 желтоқсан. ИНТЕРФАКС — АҚШ әскерилері Тынық мұхитында есірткі тасымалдаумен айналысқан болуы мүмкін кезекті кемеге соққы берді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы хабарлады.

Әскерилердің X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, 29 желтоқсанда АҚШ Қорғаныс министрі *Пит Хегсет*тің нұсқауымен Southern Spear бірлескен жедел тобы халықаралық суларда әрекет еткен және террористік ұйымдар басқарып отыр деп танылған кемеге «өлімге әкелетін кинетикалық соққы» жасаған.

Барлау деректеріне сүйенсек, аталған кеме Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі есірткі саудасының белгілі бағыттарымен қозғалып, заңсыз есірткі айналымына қатысқан.

Соққы салдарынан кемеде болған екі ер адам қаза тапты. Қолбасшылықтың мәліметінше, АҚШ әскери қызметшілері зардап шекпеген.

Хабарламада сондай-ақ АҚШ-тың соңғы бірнеше ай бойы Венесуэлаға қатысты қысым кампаниясын жүргізіп келе жатқаны атап өтіледі. Бұл науқан Кариб теңізіне мыңдаған әскери қызметшіні және авианосецтік соққы тобын жіберуді, есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген нысандарға соққылар жасауды, сондай-ақ Венесуэла президенті Николас Мадуроға бағытталған қатаң мәлімдемелерді қамтиды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қылмыстық марафон

Павлодарда 29 маусымға қараған түні оқиғаға толы болды. Әрине, бұл түннің «қызығын» бәрі бірдей көрген жоқ. Мас күйде жергілікті тұрғын дүкен тонап, полиция көлігін айдап кетіп, тәртіп сақшыларынан қашпақ болған.

Жаңа Конституция және ескі экономикалық жүйе

Жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің ішкі саяси жүйесіне елеулі өзгерістер әкелгенімен, осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан экономикасының жаһандық нарыққа кірігуіне негіз болған қағидаттарға айтарлықтай ықпал еткен жоқ. Ал дәл осы әлемдік нарық бүгінде бүкіл жаһандық жүйені, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған құрылымдық дағдарыстың салдарынан барған сайын тұрақсыз сипат алып келеді. Сондықтан жаңаша қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі әлемдік экономика мен геосаясаттағы үдей түскен құбылмалылыққа, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерге тиімді жауап бере алуы үшін жаһандық жүйелік дағдарыстың себептеріне және оның елімізге қалай әсер етіп отырғанына тереңірек үңілген жөн.

Көптен күткен жоспар: Үкімет халықтың табысын қалай өсірмек?

Көптен күткен жаңалық. Қазақстан үкіметі мамыр айында қабылдауға уәде берген, бірақ іс жүзінде 10 маусымдағы қаулымен бекіткен 2026–2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар енді көпшілікке қолжетімді болды. Бұл құжат елдегі экономикалық ахуал күрделене түскен кезеңде жарияланып отыр. Өйткені 2025 жылы қазақстандықтардың нақты табысы айтарлықтай төмендеп, инфляция екі таңбалы деңгейге жетті, ал халықтың несие жүктемесі бұрынғыдан да ауырлай түсті. Осындай жағдайда ұсынылған шаралар қаншалықты тиімді болмақ? Олар шын мәнінде халықтың әл-ауқатын жақсарта ала ма? Осы сауалдарға талдауымызда жауап іздейміз.

Қызанақ импортына тыйым

Тағы да сол жағдай қайталанды. Мемлекет отандық өндірушілердің арзанырақ өнім тарапынан бәсекелестікке тап болғанын мойындап, нарықты уақытша жабу туралы өтініштерін қанағаттандырды. Алайда, бұл қарапайым схемада нарықтың негізгі субъектісі — тұтынушы неліктен екені белгісіз, тасада қалды.