Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда өтеді

Қазақстанда Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда өтеді

|

|

Астана. 12 қаңтар. ИНТЕРФАКС–ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысын 20 қаңтарға белгіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент биылғы Ұлттық құрылтайдың отырысын 20 қаңтарда өткізу туралы шешім қабылдап, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру мен мазмұндық тұрғыдан әзірлеуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді», – делінген хабарламада.

Қызылорда қаласында өтетін Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысына дайындық мәселесі мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың қатысуымен өткен парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесінде қаралды.

Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.

Ұлттық құрылтай Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған идеялар мен ұсыныстар әзірлеу.

Құрылтайдың негізгі міндеттері — қоғамдық бірлікті дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту жөнінде ұсыныстар дайындау; қоғам, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында сындарлы диалог орнату; сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.

Ұлттық құрылтайдың төрағасы – Қазақстан Президенті, оның орынбасары – мемлекеттік кеңесші. Құрылтай құрамы мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерден, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың қоғамдық кеңестерінің өкілдерінен құралады. Құрылтай құрамы белгілі бір мерзім сайын ротация арқылы жаңартылып отырады.

Қазақстанда Ұлттық құрылтай Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің орнына құрылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.