Евразия24ЖаңалықтарПрезидент бюджет қаражатын бөлу тәсілін қайта қарауды талап етті

Президент бюджет қаражатын бөлу тәсілін қайта қарауды талап етті

|

|

Астана. 10 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерді бюджет бағдарламаларын асығыс әрі субъективті шешімдер негізінде орындау тәжірибесін тоқтатуға шақырды.

«Үкімет пен әкімдіктерге бюджетті игермей қалу қаупінен немесе, одан да сорақысы, субъективті әрі мүдделі таңдауға сүйеніп жобаларды қаржыландыруды доғару тапсырылды. Қарапайым тілмен айтқанда, жөнсіз әрекеттерге жол бермеу қажет», — деді Мемлекет басшысы сейсенбі күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент мұндай тәсіл бұдан былай мемлекеттік мүдделерге қарсы қасақана әрекет ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиімсіз мемлекеттік шығыстарды қысқарту мақсатында қолданыстағы бюджет бағдарламаларына жан-жақты ревизия жүргізуді тапсырды.

«Бұл — аса маңызды міндет. Оның орындалуын созбалаңға салмау керек. Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі қатаңдық пен принципшілдікті көрсетуі тиіс. Бюджет қаражатын игеру көрсеткішінен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін басқару қағидатына көшу қажет», — деді ол.

Мемлекет басшысы бюджет қаражаты нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына үлес қосатын жобаларға ғана бөлінуі тиіс екенін қадап айтты.

Осыған байланысты Президент Үкіметке биылғы 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына толық ревизия жүргізіп, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу тетігін жетілдіруді тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда алаяқтықпен күресу үшін қоңырауларды таңбалау енгізілмек

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге тыйым салмақ

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Мәжілісі педагог мәртебесін арттыру туралы заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының басшысы Алматыда Орталық Азияға арналған ЮНФПА хабы ашылатынын мәлімдеді

Алматыда БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия хабы ашылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры Диене Кейта Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында мәлімдеді.