Евразия24ЖаңалықтарПрезидент бюджет қаражатын бөлу тәсілін қайта қарауды талап етті

Президент бюджет қаражатын бөлу тәсілін қайта қарауды талап етті

|

|

Астана. 10 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерді бюджет бағдарламаларын асығыс әрі субъективті шешімдер негізінде орындау тәжірибесін тоқтатуға шақырды.

«Үкімет пен әкімдіктерге бюджетті игермей қалу қаупінен немесе, одан да сорақысы, субъективті әрі мүдделі таңдауға сүйеніп жобаларды қаржыландыруды доғару тапсырылды. Қарапайым тілмен айтқанда, жөнсіз әрекеттерге жол бермеу қажет», — деді Мемлекет басшысы сейсенбі күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент мұндай тәсіл бұдан былай мемлекеттік мүдделерге қарсы қасақана әрекет ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиімсіз мемлекеттік шығыстарды қысқарту мақсатында қолданыстағы бюджет бағдарламаларына жан-жақты ревизия жүргізуді тапсырды.

«Бұл — аса маңызды міндет. Оның орындалуын созбалаңға салмау керек. Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі қатаңдық пен принципшілдікті көрсетуі тиіс. Бюджет қаражатын игеру көрсеткішінен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін басқару қағидатына көшу қажет», — деді ол.

Мемлекет басшысы бюджет қаражаты нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына үлес қосатын жобаларға ғана бөлінуі тиіс екенін қадап айтты.

Осыған байланысты Президент Үкіметке биылғы 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына толық ревизия жүргізіп, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеу тетігін жетілдіруді тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Президент Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаздарды марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды

Қарулы күштерді реформалау жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов министрліктің басшылық құрамымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізіп, Қарулы күштерді одан әрі дамыту мен реформалаудың негізгі міндеттерін айқындады. (...) Басты міндет – әскердің нақты жауынгерлік әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру, жауынгерлік даярлық сапасын көтеру, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту. 

Қазақстанда риелторлар қызметін реттеу көзделіп отыр

Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смайылов нарыққа қатысушылардың жұмысын реттейтін ашық әрі түсінікті қағидаларды белгілеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және риелторлардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

 Еуроодақты қыспаққа алған газ дағдарысы

Қазақстан халқының назары Украинадағы ахуалға, әсіресе алдағы уақытта оқиғалардың қалай өрбитініне ауып отырғаны түсінікті. Өйткені Украинаның соғысты әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі Еуропаның қолдауына тәуелді.