Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Әл-Фараби атындағы орден тағайындалады

Қазақстанда Әл-Фараби атындағы орден тағайындалады

|

|

Астана. 10 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы философ Әл-Фараби есімімен аталатын жаңа орден тағайындау бастамасын көтерді.

«Осы салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Ұлан-ғайыр Ұлы даламыз әлемге көптеген көрнекті тұлғаларды сыйлады. Солардың ішінде бүкіл әлемге танымал философ Әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – өркениеттің шыңы, бүкіл адамзатқа ортақ баға жетпес құндылық. Осыған байланысты мемлекеттік наградалар жүйесінде лайықты орын алатын “Әл-Фараби” орденін тағайындау қажет деп санаймын», – деді Тоқаев жұма күні Астанада ғалымдармен кездесу барысында.

Президенттің сөзін мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты.

«Бұл жоғары марапат білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында елеулі жетістіктерге жеткен азаматтарға беріледі», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, биыл қазан айында Республика күні қарсаңында алғаш рет «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері табысталады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Инвесторлар мәселесін шешудің жаңа тетігі

Қазақстанда инвесторлардың жүйелі мәселелерінің тізілімін құру бастамасы орынды шешім сияқты көрінеді. Осылайша мемлекет алғаш рет бизнес өкілдерінің жекелеген шағымдарына ғана жауап берумен шектелмей, заңнамадағы және мемлекеттік органдар қызметіндегі инвесторларға кедергі келтіріп жүрген жүйелі түйткілдерді анықтауға ұмтылып отыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық алаяқтық схемасын әшкереледі

Атырау облысынан медициналық қызмет көрсету саласына қатысты тағы бір келеңсіз ақпарат тарады. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өңірдегі медициналық ұйымдардың бірінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін көрсетілуі тиіс қызметтер үшін пациенттерден заңсыз ақша алған алаяқтық дерегі анықталған. Келтірілген шығын ондаған миллион теңгемен есептеледі.

Мемлекеттік кепілдікпен қоштасатын кез келді

2026 жылы 11 маусымда Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізілді. Түзетулерге сәйкес, 2027 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдік тетігі өзгереді. Біздіңше, мемлекет осы өзгерістер арқылы ұзақ жылдар бойы жүргізген инвестициялық саясаттың нәтижесі үшін жауапкершілікті біртіндеп өзінен алыстатуға тырысып отырғандай.

Еңбек қауіпсіздігі саласындағы реформа неге кейінге қалдырылды?

«Жұмыс берушілердің, оқыту ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, министрлік бұл қағидаларды қолданысқа енгізу мерзімін 2026 жылдың 12 шілдесінен 2027 жылдың 1 қаңтарына ауыстыруды ұсынды», – деп Еңбек министрлігі 10 шілдеде ресми мәлімдеді. Бұл шешімнің назар аудартуының өзіндік себебі бар. Өйткені мемлекет қабылдаған шешімдерінің мерзімін өзгерте бермейді. Оның үстіне сөз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды едәуір күшейтетін өзгерістер туралы болып отыр. 2026 жылғы 30 мамырда қабылданған құжат жұмыс берушілер арасында қызу талқылау туғызғаннан кейін Еңбек министрлігі жаңа талаптарды енгізу мерзімін алты айға кейінге қалдыруға келісті.