Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Парламенті Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

|

|

Астана. 16 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заңды мақұлдады.

Құжат бұған дейін Мәжілісте қабылданған болатын. Осылайша, заң Парламент тарапынан толық қабылданып, Президенттің қол қоюына жолданады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт 2024 жылғы 22 тамызда Душанбе қаласында қол қойылған. Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл құжат екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған.

Шартта саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрландыру, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы және өңіраралық интеграциядағы ынтымақтастықты кеңейту көзделген.

Құжат нормаларына сәйкес, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азиядағы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастықты күшейтеді. Сондай-ақ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, оның ішінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, кадрлар мен мамандардың әлеуетін арттыру қарастырылған.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделеді.

Сонымен қатар Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі өзара тиімді пайдалану және қорғау бағытындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленген.

Бұдан бөлек, құжат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық байланыстарды, оның ішінде достық топтары аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде жиналатынын болжады

Қазақстан 2026 жылы 2,5–2,6 млн тонна картоп және шамамен 3,5 млн тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр.

Wildberries 2027 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жалпы аумағы 260 мың шаршы метр болатын қойма кешендерін пайдалануға береді

Wildberries компаниясы Алматы мен Астанада жалпы аумағы 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатыр.

Еуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

Егер ФИФА президенті Джанни Инфантиномен арадағы текетірес жалғасатын болса, УЕФА серіктестерімен бірлесіп футболдан әлем чемпионатының балама нұсқасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.

Қазақстан Алатауда «жасыл» авиаотын өндіретін экожүйе құруды жоспарлап отыр

Қазақстан билігі Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіруге арналған кешенді экожүйе құруды көздейтін Green Kazakhstan жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.