Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Перумен қылмыстық-құқықтық салада үш келісімді ратификациялады

Қазақстан Перумен қылмыстық-құқықтық салада үш келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 21 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев Перумен қылмыстық-құқықтық саладағы үш халықаралық шартты ратификациялау туралы заңдарға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 23 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Перуарасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды. Құжаттың негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу, оны тергеу, қылмыстық қудалау және жолын кесу бағытында тараптардың өзара іс-қимылы арқылы тиімділікті арттыру.

Өзара құқықтық көмек ақпарат алмасуды, тұлғаларды анықтауды, іздестіру шараларын жүргізуді, тінту мен жауап алуды, сараптамалар жүргізуді, дәлелдемелер ұсынуды және тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген өзге де көмек түрлерін қамтиды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт та ратификацияланды. Бұл құжат 2024 жылғы 23 қазанда Астанада қол қойылған және бас бостандығынан айыру жазасына сотталған тұлғаларды өз азаматтығы бар мемлекетте жазасын өтеу үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындауға бағытталған.

Аталған келісімге сәйкес, бір тараптың аумағында сотталған адам тағайындалған жазасын өтеу үшін екінші тараптың аумағына берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы экстрадиция туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Құжат 2024 жылғы 23 қазанда Астанада қабылданған және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында іздеуде жүрген тұлғаларды беру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Шартта экстрадициялау үшін негіздер мен одан бас тарту жағдайлары нақты айқындалған. Негізгі талаптардың бірі – кемінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе одан да қатаң жаза көзделген қылмыстың жасалуы.

Сондай-ақ, егер сұрау салынған құқық бұзушылық саяси сипатта деп танылса немесе тұлғаны нәсіліне, дініне, ұлтына және өзге де белгілеріне байланысты қудалау мақсатында экстрадициялау сұралса, мұндай беру жүзеге асырылмайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.