Евразия24ЖаңалықтарАстанадағы кездесу: Қазақстан мен Израиль қарым-қатынасы жаңа деңгейге шығуы мүмкін

Астанадағы кездесу: Қазақстан мен Израиль қарым-қатынасы жаңа деңгейге шығуы мүмкін

|

|

Астана. 27 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті өте жоғары деп санайды.

«Бүгін біз екіжақты экономикалық байланыстарға қатысты көптеген мәселелерді талқылаймыз. Біздің өзара іс-қимылымыздың әлеуеті зор деп есептеймін және оны толық көлемде пайдалану қажет», – деді Тоқаев дүйсенбі күні Астанаға ресми сапармен келген Герцогпен шағын құрамдағы кездесуде.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан басшысы Израильдің бұрынғы президенті, Герцогтың әкесі Хаим Герцог «екі ел арасындағы қатынастардың негізгі сәулетшілерінің бірі болғанын» атап өтті.

«1992 жылдан бері біз өте тығыз, шынайы достық қарым-қатынасты сақтап келеміз. Өзара ынтымақтастықта, ең алдымен экономикада, сондай-ақ саясатта елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдағанын атап өткім келеді. Бұл қадам біздің Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қатынастарды тұрақтандыруға үлес қосуға дайын екенімізді білдіреді», – деді Тоқаев.

Өз кезегінде Израиль Президенті Ақордада болу өзі үшін үлкен құрмет екенін атап өтті және 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың жолын жалғастырып отырғанын айтты.

«Қазақстанға сапар – менің бұрыннан келе жатқан шынайы арманым еді. Еліңіздің табиғатының сұлулығы мен қазақ халқының тамаша мәдениеті туралы көп естідім. Менімен бірге түрлі салалардың сарапшыларынан құралған өкілді делегация келді, олар әсіресе жоғары технологиялар саласында серіктестігімізге серпін бере алады. Әлем жаңа тарихи кезеңге қадам басып жатқан қазіргі жағдайда біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті шынымен зор», – деді Герцог.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына қатысу туралы шешімін құптады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.