Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарСенат қаңғыбас жануарлар мәселесінде теңгерімді шешім ұсынды

Сенат қаңғыбас жануарлар мәселесінде теңгерімді шешім ұсынды

|

|

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарап, оны өз түзетулерімен Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне қайта жіберді, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі. Сенатор Арман Өтеғұловтың айтуынша, қоғамда кең талқыланған заң жобасын қарау барысында оған өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған. Атап айтқанда, сенаторлар қаңғыбас жануарлар санын реттеудің нақты тәртібі мен мерзімдерін әр өңірдің мәслихаттары дербес айқындауы тиіс деп есептейді. Бұған дейін Мәжіліс қабылдаған редакцияда қаңғыбас жануарларды панажайға немесе уақытша ұстау пунктіне орналастырғаннан кейін бес тәулік өткен соң эвтаназия қолдану қарастырылған еді. Сонымен қатар сенаторлар «қаңғыбас жануарлар» терминінің қолданыстағы анықтамасын сақтап қалды. «Чиптің болмауы жануардың мәртебесін айқындамайды және меншік құқығын тоқтатпайды, ол тек жануардың тіркелмегенін көрсетеді. Сондықтан жануарлар сәйкестендіру құралдарының бар-жоғына емес, иесінің болмауына қарай қаңғыбас деп танылуы тиіс», – деп атап өтті депутат.

Еуразия24 пікірі:

Бұл шешімнің күтпеген жағдай болғанын мойындау керек. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының жақында ғана қаңғыбас жануарларға қатысты білдірген пікірімен байланысты болуы да әбден мүмкін. «Үкімет жануарларды тиісінше күтіп-баптамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, тіпті оларға, әсіресе үй жануарларына қатысты қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті де күшейтуі қажет. Негізінде, қаңғыбас иттер мәселесі — адамдардың салғырттығының, алғашында жануарды жақсы көргенсіп, кейін көңілі суыған соң оны далаға тастап кететіндердің немқұрайлылығының салдары. Мұндай құбылыстарға тосқауыл қою үшін тиісті шаралар қабылдау керек», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында. Осы орайда біз Парламенттің жоғарғы палатасының қаңғыбас жануарлар санын реттеу ережелерін қатаңдатуға қатысты барынша парасатты әрі байыпты ұстанымын көріп отырмыз. Біріншіден, Сенат депутаттары қоғамда резонанс тудырған түзетулерді кеңінен талқылап, келіп түскен өтініштерді қарастырып, зооқорғаушылармен диалог орнатты. Бұл «жоғарыдан» айтылған шешімді қабылдамай, түрлі мүдделерді ескеруге деген талпынысты көрсетті. Екіншіден, реттеу құзыретін мәслихаттар арқылы өңірлік деңгейге беру — неғұрлым икемді тәсілдің қолданылатынын білдіреді, өйткені әр облыстағы қараусыз қалған жануарларға қатысты ахуал әртүрлі. Барлық өңірге бірдей талап қою жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін еді. Үшіншіден, ең бастысы – мемлекеттік көзқарастың өзгеруі: енді бұл мәселе тек жануарларға қатысты емес, адамдардың жауапсыз әрекеттерінен туындайтын әлеуметтік проблема ретінде қарастырылып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.