Евразия24ЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

|

|

Астана. 7 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Бұл мерекенің мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы ерекше. Ол жауынгерлеріміздің ерлігі, рухының мықтылығы мен жанқиярлығын айшықтайды. Бұл күн Отан игілігі үшін қызмет етіп жүрген және қызмет еткен, елдің тыныштығы, аумақтық тұтастығы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген барша азаматтарды біріктіреді», – делінген Президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы қазақстандық сарбаздар мен командирлердің батыр бабалардың даңқты дәстүрін жалғастырып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.

Бітімгерлік миссиялар, арнайы оқу-жаттығулар мен халықаралық жарыстар барысында сарбаздар мен офицерлер, сондай-ақ елдің барлық күштік құрылымдарының қызметкерлері кәсібилік, тәртіп және жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп келеді.

«Мемлекет қорғаныс қабілетін арттыруға және әскери қызметкерлерді жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән береді. Жаңа Конституцияда “Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті” деп нақты жазылған. Бұл сөздерде ел мен халықтың ажырамас байланысы, әр азаматтың Отан тағдыры алдындағы жауапкершілігі жатыр», – деді Президент.

«Отанға адал қызмет ету идеалдары мен прогрессивті конституциялық құндылықтарға сүйене отырып, біз мемлекеттілігімізді нығайтып, Әділетті, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құру жолындағы биік мақсаттарға жетеміз деп сенемін. Отан қорғаушыларына табандылығы, үлгілі қызметі және антқа адалдығы үшін алғысымды білдіремін!» – делінген құттықтауда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Эритреямен құпия келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Масад Булос Вашингтонның Эритреямен үшінші бір елге қарсы бағытталған құпия келісім жасауға ниетті екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты арзандап жатыр

Сәрсенбі күнгі сауда барысында АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және жапон иенасына қатысты құнын төмендетті.

Иран ХАМАС қабылдайтын кез келген шешімді қолдайды

Иран президенті Масуд Пезешкиан ХАМАС саяси бюросының жетекшісі Халил әл-Хайямен телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдайды реттеу жөніндегі Израильмен келіссөздер барысында қозғалыс қабылдайтын кез келген шешімді Тегеран қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев «Бәйтерекке» ШОБ-ты қолдау мен баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдап, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейтуді, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға баса назар аударуды тапсырды.