Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Орталық Азия елдері мен Қытайды трансұлттық қылмысқа қарсы күресте күш біріктіруге...

Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытайды трансұлттық қылмысқа қарсы күресте күш біріктіруге шақырды

|

|

Астана. 18 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс барған сайын икемді әрі өзара ықпалдасқан сипат алып келеді. Киберқылмыс миллиардтаған доллар шығын келтіретін жоғары табысты жаһандық индустрияға айналды. Цифрлық орта қылмыстық топтардың қызметін үйлестіру, заңсыз кірістерді жылыстату және мемлекеттік шекараларды мойындамайтын шабуылдар жасау құралы ретінде жиі пайдаланылуда. Маңызды көлік және сауда бағыттарының тоғысқан жерінде орналасқан Орталық Азия өңірі трансұлттық қылмыстық желілердің назарында қалып отыр», – деді Тоқаев.

Осыған байланысты, оның айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы күрес мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.

«Тек күш-жігерді біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық өзара іс-қимылды нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана біз бұл қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз деп сенемін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз ашық диалогқа, озық тәжірибемен алмасуға және азаматтарымызды қорғауға әрі мемлекеттердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шешімдер әзірлеуге дайынбыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы трансұлттық қылмыстық топтардың қаржылық ағындарын бұғаттау басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Экстремистік идеялардың таралуына, интернет арқылы террористік топтарға тартуға тосқауыл қоюды күшейтіп, террористік актілерге дайындық әрекеттерін ерте кезеңде анықтау қажет. Мен атап өткен барлық қатерлер өзара тығыз байланысты, оларға қарсы күрес кешенді әрі үйлестірілген күш-жігерді талап етеді. “Орталық Азия – Қытай” форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрі үйлесімді шаралардың үлгісіне айналады деп сенемін», – деді Тоқаев.

Қазақстан Президентімен кездесуге Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун, Қырғызстан ішкі істер министрі Улан Ниязбеков, Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзод, Түрікменстан ішкі істер министрі Мухаммет Хыдыров және Өзбекстан ішкі істер министрі Азиз Ташпулатов қатысты.
Олар Астанаға «Орталық Азия – Қытай» форматындағы бейінді ведомстволардың екінші отырысына қатысу үшін келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.