Евразия24Басты бетЕАЭО-дағы интеграциялық байланыстар әлсіреуде

ЕАЭО-дағы интеграциялық байланыстар әлсіреуде

|

|

Өз-өзін алдау көбіне сыртқы алдаудан да қауіптірек келеді. 2026 жылдың мамыр айындағы көрсеткіштер ЕАЭО аясындағы бірыңғай кедендік және бірыңғай экономикалық кеңістіктің толыққанды жұмыс істеуін тоқтатқанын айғақтайды. Шектеулер бойынша біржақты шаралар қолдану, жалпы режимнен алып тастау мен утилизациялық алымның жұмыс істеу ерекшеліктері іс жүзінде бастапқы идеяның тамырына балта шапты. Ал бұл идея, соның ішінде кооперациялық байланыстардың көмегімен, күрделі әрі ауқымды жобаларды ақтай алатын нарық құруды көздеген болатын.

Ресейдің Череповец құйма-механикалық зауытына (ЧҚМЗ) ағымдағы жылдың мамыр айында қазақстандық сатып алушылар арнайы іссапармен барған болатын. Отандық кәсіпкерлер аталған кәсіпорынның тиегіш-экскаваторларына жоғары қызығушылық танытқанымен, техника партиясын сатып алу мәмілесі жүзеге аспады. Бұған Қазақстан Республикасындағы утилизациялық алым көлемінің жоғары болуы себеп болған. Айта кету керек, қазақстандық утилизациялық алым автокөлік жасау және арнайы техника саласындағы Ресей мен Беларусь өндірісінің жоғары технологиялық өнімдеріне қолданылады.

Бұл мәселеде кімнің алғаш бастағанына және Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының қаншалықты әсер еткеніне тоқталмай-ақ қояйық. Алайда бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарлардың, капиталдың, қызметтердің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ортақ кеңістік толыққанды жұмыс істемейтіні анық.

Бүгінгі таңда дезинтеграциялық үдерістердің қандай қарқынмен жалғасатыны басты мәселеге айналып отыр. Себебі интеграциялық байланыстар бұған дейін айтарлықтай нығайып, Қазақстандағы тұтынушылар оған бейімделіп кеткен болатын.

ЕАЭО аясындағы негізгі серіктес Ресей Федерациясы болғандықтан, бұл елдегі экономикалық үрдістердің бағыты өте маңызды рөл атқарады. Алайда қазіргі таңда бұл тұрғыда түйткілді мәселелер жеткілікті. Мәселен, 2026 жылғы 1 шілдеден (кейбір деректер бойынша 1 маусымнан) бастап СПОТ (тауарларды күтуді растау жүйесі) ақпараттық жүйесі енгізілмек. Аталған бағдарлама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения) келетін өнімдердің айналымын қадағалау мақсатында Ресейдің Федералдық салық қызметі тарапынан әзірленген.

Аталған жүйенің негізгі міндеттері — салықтан жалтару әрекеттеріне жол бермеу, сырттан әкелінетін өнімдер айналымының заңдылығын қамтамасыз ету және тауарлардың шекара арқылы өткізілуін бақылау үдерісін автоматтандыру.

СПОТ тетігі тауар әкелінгенге дейін екі күн бұрын алдағы жеткізілім туралы құжатты (ДОПП) міндетті түрде ұсынуды, тауар кіргізілетін күнге дейін кемінде екі күн бұрын кепілдік төлем енгізуді, сондай-ақ QR-код беру мен автомобиль көлігі арқылы тасымал кезінде оның болуын бақылауды көздейді.

Жүйе ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігі арқылы тауар әкелетін импорттаушыларға, делдалдарға, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Ол өнімнің қандай мақсатта пайдаланылатынына қарамастан — қайта сату, жеке қажетке пайдалану, өңдеу немесе өзге де мақсаттар үшін — бірдей тәртіппен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта СПОТ жүйесін көліктің басқа түрлеріне де енгізу жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған Череповец құйма-механикалық зауытында тиегіш-экскаваторлар шығару ісіне Беларусь тарапынан 14 серіктес кәсіпорын қатысады. Жалпы алғанда, Беларусь техникасының құрамындағы ресейлік қосалқы бөлшектер мен материалдардың үлесі әдетте 10 пайыз бен 60 пайыз аралығын құрайды.
Іс жүзінде бұл СПОТ жүйесі қосылған құны жоғары өнім шығаратын ресейлік кәсіпорындардың кооперациялық байланыстарына айтарлықтай нұқсан келтіреді (бұл тек оларға ғана емес, дәл осындай зауыттарға ең бірінші кезекте соққы болып тиеді).

Ресей Банкінің қазіргі ақша-несие саясаты және қосылған құн салығының (ҚҚС) жоғары мөлшерлемесімен қоса алғанда, мұндай талаптар аталған өндірістік жобалардың экономикалық тиімділігін толығымен жояды. ҚҚС өзінің табиғаты жағынан өнеркәсіптің дамуын тежейтін салық түрі болып табылады, сондықтан ұжымдық Батыспен арадағы гибридті текетіреске ұласқан әскери шиеленіс басталған тұста көптеген мамандар бұл салықтың жойылуынан үміттенген еді. Алайда қазіргі таңда жағдай мүлдем кері бағытта өрбіп жатыр.

Кремль бұл жағдайдан қаншалықты хабардар екенін дөп басып айту қиын. Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников 12 мамырда Президент Владимир Путинмен өткен кездесуде ұлттық экономиканың даму серпіні оң екенін баяндады. Бұл кездесу СПОТ жүйесін алғашқы енгізу жоспарланған 1 сәуір мен еуразиялық интеграциялық үдерістерге айтарлықтай кедергі келтіретін кезекті шараның іске қосылу мерзімі — 1 шілде (немесе 1 маусым) аралығында өтті. Бұған дейін Минск пен Мәскеу арасындағы шұғыл келіссөздердің нәтижесінде бұл бастаманы енгізу мерзімі шегерілген болатын. Алайда аталған материалды дайындау барысында СПОТ жүйесін енгізуді қайта шегеру немесе оның күшін жою туралы ешқандай ресми ақпарат жарияланбады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган болып құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Исландияда ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр

Исландияда сенбі күні Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум басталды.

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалған

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, тағы 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Непалдағы елшілігі хабарлады.