Евразия24ЖаңалықтарЭЫДҰ: 2023–2024 жылдары дамушы елдерге климаттық қаржыландыру $270 млрд-қа жетті

ЭЫДҰ: 2023–2024 жылдары дамушы елдерге климаттық қаржыландыру $270 млрд-қа жетті

|

|

Париж. 1 маусым. ИНТЕРФАКС – Әлемнің дамыған елдері 2023–2024 жылдары дамушы экономикасы бар мемлекеттерге климаттың өзгеруімен күрес шараларын қолдауға шамамен 270 млрд АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялаған есепте айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылы климаттық қаржыландыру көлемі 132,8 млрд долларды, ал 2024 жылы 136,7 млрд долларды құраған.

Жыл сайынғы 100 млрд доллар көлеміндегі климаттық инвестициялар жөніндегі мақсатты көрсеткіш алғаш рет 2022 жылы орындалды. Сол жылы қаржыландыру көлемі 115,9 млрд долларға жеткен.

«2024 жылы 100 млрд долларлық мақсат қатарынан үшінші жыл орындалды. Бұл дамушы экономикаларды климаттың өзгеруінің салдарын азайту және оған бейімделу бағытында қолдауға деген берік ұстанымды көрсетеді», – деді ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корман.

Оның айтуынша, мұндай қолдау дамушы елдердің өздерінің климаттық мақсаттарына қол жеткізуі үшін аса маңызды мәнге ие.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.