Евразия24Таңдаулы жаңалықтарПолиция қатарындағы робот-иттер

Полиция қатарындағы робот-иттер

|

|

ZTB News хабарлайды: Актау көшелерін күзетуге робот-иттер шықты. Ақтау полициясы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін роботтандырылған платформаларды қолдана бастады. Роботтар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған және мәліметтерді жедел басқару орталығына нақты уақыт режимінде жіберіп отырады. Олар патрульдеуден бөлек, күдікті заттарды анықтауға, түтін мен өртті тіркеп, шұғыл қызметтерге автоматты түрде белгі беруге қауқарлы. Болашақта оларды антитеррористік операцияларға және қауіпті нысандармен жұмыс істеуге тарту жоспарлануда. Еске сала кетейік, бұған дейін мұндай роботтандырылған платформалар Астана мен Алматы қалаларында да пайда болған еді.

Еуразия24 пікірі:

Ақтау полициясына көмекке робот-иттердің енгізілгені туралы жаңалық, әрине, болашаққа тән құбылыс ретінде көрінеді. Бірақ, ең алдымен, біз полицияның бұл сүйкімді электронды көмекшілеріне алдын ала жанашырлық танытқымыз келіп отыр. Өйткені енді бұл темір жандар да күн сайын мыңдаған мүмкіндігі шектеулі жан бас кешіп жүрген қазақстандық қала тұрмысының „тауқыметін“ тартатын болады. Қазақстан қалаларының роботтардың еркін қозғалысы үшін мүлдем бейімделмегені қаншалықты тез анықталар екен, бұл тіпті қызық? Тұйыққа тірелетін тротуарлар, қираған жол төсемі, ашық люктер, кенеттен жоқ болып кететін пандустар, бейберекет қойылған автокөліктер, жаяу жүргіншілер аймағының қақ ортасындағы сауда нысандары — бұл бәрінің көз алдында тұрса да, ешкім байқамағандай кейіп танытатын мәселелердің толық тізімі емес. Егер роботтар түрлі кедергілердің кесірінен жоспарланған бағыттарынан өте алмай жатса, бұл жергілікті билік үшін: «Дәл осы жолдан арбаға таңылған жандар қалай өтіп жүр?» — деп ойлануға жақсы себеп болар еді. Бұл ноу-хау қоғамдық ортаның нақты инклюзивтілігіне жіті назар аударуға басты түрткі болады және айдан анық нәрсеге көз жұма қарау тоқтатылады деп үміттенеміз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.