Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстанды «Айыппұлстан» деп атайтындар пайымының таяздығын көрсетеді

Тоқаев: Қазақстанды «Айыппұлстан» деп атайтындар пайымының таяздығын көрсетеді

|

|

Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп саласындағы мемлекеттік саясатты сынға алып, елді «Айыппұлстан» немесе «Штрафстан» деп атайтындар өз пайымдарының таяздығын көрсететінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол құқық бұзушылықтарға қарсы күрес одан әрі күшейтілетінін айтты.

«Заң мен тәртіпті құрметтеу – ең алдымен, жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән ерекше қасиет. Осыған байланысты “Таза Қазақстан” тұжырымдамасына тағы бір рет арнайы тоқталғым келеді. Қалалар мен ауылдарды абаттандыруға, елді мекендерді көгалдандыруға әрдайым ерекше назар аудару қажет. Экологиялық мәдениетті арттыру мәселесі де басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әсіресе туристік аймақтар мен табиғат аясындағы азаматтардың мінез-құлқына ерекше көңіл бөлу маңызды. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар, яғни вандалдар заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз құқықтық нигилизмге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек», – деді Президент сейсенбі күні Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысының сөзін оның баспасөз қызметі келтірді.

Президент заң мен тәртіпті құрметтеу жазадан қорқу емес екенін атап өтті.

«Бұл – ең алдымен, жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән қасиет. Осыны дұрыс түсіну қажет», – деді Тоқаев.

Ол қазіргі әлемдегі әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы ерекше екенін айтты.

«Сондықтан құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтарға қатысты қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы тиіс. Елімізді ұнатпайтын және оған менсінбей қарайтын кейбір адамдар, өкінішке қарай олардың арасында Парламент депутаттары да бар, біздің құқықтық шараларымызды “Штрафстан” немесе “Айыппұлстан” деп атайды. Қаласа, өз пайымдарының таяздығын әрі қарай да көрсете берсін. Ал біздің халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қажет», – деді Президент.

Тоқаев Қазақстанның бұл бағыттан таймайтынын және «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген саясатты табанды түрде жалғастыратынын атап өтті.

«Бұл – азаматтарымыздың талабы. Сондықтан бұл мәселеге бүкіл қоғам да, әкімдер де айрықша назар аударуы қажет», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.