Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Alatau City құрылысы үшін жер мәселелерін шұғыл шешуді тапсырды

Тоқаев Alatau City құрылысы үшін жер мәселелерін шұғыл шешуді тапсырды

|

|

Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасын іске асыру Қазақстанның құрылыс саласының негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін екенін айтты. Алайда белсенді құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер мәселелерін шұғыл шешу қажет екенін атап өтті.

«Дұрыс тәсіл қолданылған жағдайда Alatau City жобасы құрылыс саласының локомотивіне айналып, ел экономикасына қуатты мультипликативтік әсер береді. Толыққанды әрі қарқынды құрылысты бастау үшін жер мәселелерін шұғыл түрде реттеу қажет», – деді Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте.

Президенттің сөзін оның баспасөз қызметі таратты.

Мемлекет басшысы қала аумағындағы және оған іргелес жерлердің басым бөлігі бұрын жекеменшікке берілгенін немесе ұзақ мерзімді жалға рәсімделгенін, ал олардың көпшілігі әлі күнге дейін игерілмегенін атап өтті.

«Мемлекет әлеуметтік маңызы бар нысандар салу мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жер учаскелерін сатып алуға мәжбүр. Бұл жұмыстардың қарқынын айтарлықтай баяулатып отыр. Өкінішке қарай, нақты басталған жобалардың саны күтілген деңгейден едәуір төмен. Тек 2024–2025 жылдары пайдаланылмай жатқан 16 мың гектардан астам жер анықталды, алайда соның небәрі 688 гектары ғана мемлекетке қайтарылды. Бұл үдеріс жүйелік және рәсімдік шектеулерге байланысты тежеліп отыр», – деді Тоқаев.

Ол аталған мәселе бойынша билік органдары батыл әрі нақты шаралар қабылдауға міндетті екенін айтты.

Президент сондай-ақ қала құрылысы барысында негізінен отандық өндірістің құрылыс және әрлеу материалдарын пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.