Евразия24ЖаңалықтарКипр Президенті Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды

Кипр Президенті Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды

|

|

Астана. 3 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидиске І дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтіп, Никос Христодулидистің Қазақстан мен Кипр арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

«Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізді ескере отырып, Сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапаттың атауының өзі – «достық» деген мағынаны білдіреді және Қазақстанның Сіздің еліңізбен қарым-қатынасының негізін құрайтын сенім мен серіктестік рухын айшықтайды. Сізге жауапты мемлекеттік қызметіңізде толағай табыстар, сондай-ақ достас Кипр халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Никос Христодулидис жоғары мемлекеттік награда үшін ризашылығын білдірді.

«Кипр халқының атынан бұл марапатты қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Ол екі ел арасындағы достықтың айқын белгісі болып табылады. Бүгінгі сапарымыз өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген ортақ ұмтылысымыз бен берік саяси ерік-жігерімізді көрсетеді», – деді Кипр Президенті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.