Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда еңбек заңнамасы жетілдірілді

Қазақстанда еңбек заңнамасы жетілдірілді

|

|

Астана. 3 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, заңның мақсаты – қызметкерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын арттыру және еңбек қатынастарының негізгі рәсімдерін нақтылау арқылы еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіру.

Құжат аясында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Еңбек кодексі уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңімен немесе әлеуметтік демалыс кезеңімен сәйкес келген жағдайда соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібін нақтылайтын нормалармен толықтырылады.

Заңда ауысым алдындағы міндетті медициналық куәландырудан өтуге жұмсалған уақытқа ақы төлеу қарастырылған. Оның мөлшері ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

Сонымен қатар жұмыс берушінің еңбек жағдайларының өзгеруі туралы қызметкерді жазбаша түрде хабардар ету міндеті енгізіледі. Сондай-ақ материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлер үшін еңбек шартын қызметкердің бастамасымен бұзу тәртібі, еңбек қатынастарының тоқтатылатын күні және жұмыс берушінің мүлкі мен құжаттарын қабылдап-тапсыру рәсімдерін аяқтау шарттары реттеледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс қызметкер тіркелген медициналық ұйымға цифрлық технологиялар арқылы скринингтік тексерулерден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберу құзыретін беретін нормалармен толықтырылады.

Ал «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға жергілікті атқарушы органдардың еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету міндеттерін бекітетін толықтырулар енгізіледі.

Сондай-ақ заң жұмыс берушілерге өндірістік процесте тікелей пайдаланылатын барлық негізгі құралдарды, соның ішінде ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де еңбек құралдарын қолданыстағы қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкестендіру міндетін жүктейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.