Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан парламенті ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

Қазақстан парламенті ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

|

|

Астана. 4 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң бұған дейін Мәжілісте қабылданған болатын. Осылайша, құжат Парламент тарапынан тұтастай қабылданды деп есептеледі және Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында айтылғандай, заңмен Азаматтық, Қылмыстық-атқару, Еңбек, Әлеуметтік және Бюджет кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі айқындалып, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, академиялық еркіндік пен шығармашылық еркіндікке кепілдік беру көзделген.

Сондай-ақ баспа ұйымы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде жергілікті атқарушы органдар сатып алған тираждан полиграфиялық ақау немесе пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан баспа тарапынан ауытқу салдарынан жіберілген қателер анықталған жағдайда, оны өз қаражаты есебінен ауыстыруға міндеттеледі.

Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми әрі ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды орындауға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті кеңейтіледі. Бұл қағидалар мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы қабылданады.

Заңда ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормалар, ғылымды қажетсінетін аумақтардың негізгі ережелері мен олардың дамуын ынталандыру шаралары енгізілген. Сонымен қатар ғылым қалашығының мәртебесі, негізгі міндеттері, мәртебе беру тәртібі, қатысушылары, басқару органдары және ғылым қалашығына қатысушы ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері айқындалады. Бұдан бөлек, ғылыми-технологиялық парк туралы жеке бап енгізіледі.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық көмектің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ететін, диагностика дәлдігін арттыратын және денсаулық сақтау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсететін референс-орталықтар құру қарастырылған.

Сондай-ақ дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі композиттік мемлекеттік қызмет форматына көшіріліп, оңтайландырылады. Бұл халыққа қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішкі нарыққа шығу мерзімін жеделдетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дәрілік заттарды тіркеу мерзімі едәуір қысқартылып, 100 күнге дейін төмендетіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БҰҰ әлемдегі балалар санына қатысты дерек жариялады

FINANCE.kz сарапшылары әлем елдерінің демографиялық дамуында алшақтық күшейіп келе жатқанына назар аударады. «Әлем біртіндеп халқы өте жас және қартаюы жеделдеген елдер болып жіктеле бастады. Алайда бала санының көп болуы өздігінен елдің әл-ауқатын арттырмайды. Жас ұрпақтың көптігі — экономикалық өсімге жол ашатын мүмкіндік қана.

Үкімет, инфляция және 360 градусқа айналған саясат

Сонымен, жаңа Конституция қабылданды, Құрылтай құрылды, Үкімет құрамы қайта бекітілді. Бір қарағанда, саяси жүйе түгел жаңарғандай. Бірақ төмендегі жағдайға қарасақ, басқа ой келеді. Анналена Бербоктың кезінде елді күлкіге қарық қылған «360 градусқа бұрылу» деген әйгілі сөзі естеріңізде болар. Сол кезде ақпарат құралдары «жасылдар» партиясы жетекшісінің мектепте алған білімін біраз сөз қылған еді. Алайда Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі абайсызда айтқан сол сөзіне өзі ойламаған терең мағына сыйғызып жібергендей. Расымен де, бір нүктені айнала 360 градусқа толық бұрылған нысан ақыр соңында бастапқы қалпына қайта келеді. Бірақ бұл орнында тапжылмай тұру деген сөз емес. Керісінше, бар жылдамдықпен бір орында шыр айналу. Мұндай айналыстан біреудің басы айналмай қоймайды, енді бірі шеңберден шығып та қалады. Әзірге қызметінен айырылғандардың қатарында Мәжілістің бұрынғы төрағасы мен Сенаттың экс-спикері бар.

Еуропа қор нарығында индекстер төмендеді

Дүйсенбі күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер әр бағытта өзгергенімен, басым бөлігі төмендеді.

Саясаттанушы: АдГ-ның сайлаудағы жеңісі Мерцтің саяси беделіне соққы болды

Өткен жексенбіде Саксония-Анхальт жерінің парламентіне өткен сайлауда оңшыл оппозициялық «Германия үшін балама» (АдГ) партиясы жоғары нәтиже көрсетті. Саясаттанушы-германист Александр Камкиннің пікірінше, бұл партияның Германияның шығыс өңірлеріндегі ғана емес, батыс аймақтарындағы да ықпалын арттыруы мүмкін.