Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік...

Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 17 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға, сондай-ақ осы мәселеге қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құрудың құқықтық негізін қалыптастыру.

Орталық өңір елдеріне экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бағыттардағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар жаңа құрылым өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, БҰҰ жүйесінің ұйымдары, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және үйлестіруге ықпал етеді. Бұдан бөлек, ол теңізге тікелей шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттерге арналған 2024–2034 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қоспақ.

Келісімге сәйкес, БҰҰ қызметкерлеріне халықаралық құқық нормаларына сай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. Сондай-ақ қазақстандық тарап Орталық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін виза рәсімдеу және еңбек қызметіне қатысты рәсімдерді жеңілдетуді қамтамасыз етеді.

Құжатта Қазақстандағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ өңірлік орталығын қаржыландыру тетіктері де айқындалған.

Меморандум аясында Орталық жанынан консультативтік кеңес пен халықаралық консультативтік комитет құру жоспарланып отыр. Бұл құрылымдар өңірлік бағдарламалардың басым бағыттарын айқындап, Орталықтың жұмыс жоспары мен бюджетіне қатысты ұсынымдар әзірлейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы ФРЖ шешімі қарсаңында төмендеді

АҚШ-тың негізгі қор индекстері сейсенбі күнгі сауда-саттықты төмендеумен аяқтады. Бұған мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі және Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ақша-кредит саясатын қатаңдатады деген болжам әсер етті.

Түркия Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсетуге дайындалып жатыр

Түркия Мекке қорғаныс келісімі аясында Сауд Арабиясына әскери көмек көрсетуге дайындалып жатыр. Алайда Анкара Йемендегі хуситтермен тікелей соғыс қимылдарына араласуды жоспарламайды. Бұл туралы Middle East Eye дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Еурокомиссия басшысы Канадаға ЕО-ның алғашқы қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беруді ұсынды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канада мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, елге ЕО-ның қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беруді ұсынды.

Қазақстан делегациясын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Сыртқы істер министрі бастап барады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы жоғары деңгейдегі апталығына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.