Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандық мамандар Ауғанстандағы азот зауытын жаңғырту жобасына қатысуы мүмкін

Қазақстандық мамандар Ауғанстандағы азот зауытын жаңғырту жобасына қатысуы мүмкін

|

|

Астана. 22 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Ауғанстан Мазари-Шариф қаласындағы азот өндіретін зауытты жаңғыртуға қазақстандық мамандарды тарту мәселесін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Кабулда Ауғанстанның ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканимен кездесуі қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің қарамағында.

Хабарламада айтылғандай, қазақстандық инженерлер зауытта болып қайтқан. Келесі кезеңде нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, жабдықтарды жаңғыртуға қажеттілік айқындалып, жұмыстардың құны бағаланады.

«Тараптар жобаны қаржыландыру, міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру, сондай-ақ логистика мен мамандардың өндірістік алаңға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады», – делінген хабарламада.

Үкіметтің мәліметінше, қазақстандық кәсіпорындардың өндірістерді технологиялық жаңғырту, инжиниринг, жабдықтар жеткізу және іске қосу-баптау жұмыстарына сүйемелдеу көрсету салаларында қажетті құзыреттері бар.

Келіссөздер барысында тараптар қауіпсіздік саласындағы және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін де қарастырды.

Серік Жұманғарин екі елдің бейінді ведомстволары арасында тікелей өзара іс-қимылды жолға қоюға және осы салада ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға Қазақстанның дайын екенін айтты.

Кинологиялық қызмет мамандарын даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Алматыдағы ІІМ Кинологиялық орталығы базасында ауғандық кинологтарды оқытуға дайын екенін растады. Биыл Қазақстан бес маманды даярлауға, ал келесі жылы ауған тарабына бес қызметтік ит беруге әзір.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Сондай-ақ ұзақ мерзімді сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сенімді логистиканың және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға қарай сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізуді көздейді

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Тәжікстан жыл...

Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің келіссөздері қорытындысында бірқатар келісімге қол қойылды

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Астанада өткен Қазақстан мен...

Тоқаев Рахмонды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...