Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ЕО үшін стратегиялық маңызы бар минералдардың басым бөлігін жеткізуге дайын

Қазақстан ЕО үшін стратегиялық маңызы бар минералдардың басым бөлігін жеткізуге дайын

|

|

Астана. 24 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Еуропалық одақтың стратегиялық маңызды шикізат ресурстары тізіміне енгізілген 34 минералдың 21-ін еуропалық серіктестерге жеткізе алады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазақстан ЕО-ның стратегиялық маңызды шикізат ресурстары тізіміне кіретін 34 минералдың 21-ін жеткізуге дайын. Осы әлеуетті толық пайдалану үшін біз ынтымақтастықтың оффтейк-модель негізіндегі тетігін ұсынамыз. Бұл ішкі өңдеу саласын дамытуға және қосылған құны жоғары өндірістер құруға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев Брюссельде өткен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде.

Президенттің сөзін оның баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл әріптестіктің нәтижесінде Сирек жер металдарын зерттейтін өңірлік ғылыми орталық құрылады.

Тоқаев Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел екенін және жаһандық сұраныстың шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететінін еске салды.

«Мұнай, газ және көмірдің мол қорымен қатар біз “жасыл” сутегі өндірісі бағытындағы жобаларды белсенді түрде дамытып келеміз. Сонымен бірге Қазақстан аумағында литийдің, никельдің, ванадийдің және кобальттың игерілмеген ірі кен орындары бар. Түптеп келгенде, біз серіктестерімізге еуропалық стандарттарға толық сай келетін прагматикалық қағидатты ұсынамыз: стратегиялық ресурстарға қолжетімділік үшін инвестициялар мен технологиялар», – деді президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.